Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланы жөргектен (памперс) шығарып, түбекке (горшок) үйретудің жолдары

Жаз мезгілі баланы түбекке үйретуге ең қолайлы кез. Күннің ыстығында ауа өтпейтін жөргекті баланың өзі де кигісі келмейді.

05.07.2019
0
Баланы жөргектен (памперс) шығарып, түбекке (горшок) үйретудің жолдары

 Жөргек – өте ыңғайлы зат. Үйде жүргенде де қонаққа барғанда да аналарды әрдайым құтқарады. Оны жуып әуреленудің де қажеті жоқ: баланың бұтына кигізіп, бірнеше сағаттан кейін шешіп, қоқысқа лақтырасыз. Шаруа сонымен аяқталды. 

KYN.KZ сайты баланы түбекке үйреткен аналардың тәжірибесінен кеңестер ұсынады.

Жаз – баланы жөргектен шығарып, түбекке үйретуге арналған таптырмас мезгіл. Ресейде баланы жасынан асқаннан соң түбекке үйрете бастаса, Германияда 2 жастан кейін ғана кіріседі екен.  

2-3 жастағы баланың жөргек кигенін көрген адамдар: «әлі жөргек кие ме?» — деп ата-анасын сынға алады, таңданады. Бұл сұрақ жақындарының жүйкесіне тиеді. 

Көптеген бала-бақшалар, тек түбекке отыра алатын балаларды қабылдайды. Соған байланысты,  ата-аналар «қолайлы» режимнен шығып, жөргектен ертерек құтылуға асығады. 

Бастапқыда бала түбекке отырмай жылайды, содан соң ақырындап үйрене бастайды. 

 Баланы жөргекпен тез қоштастыру үшін, «Құпия жөргек киюшілер» клубының бір мүшесінің тәжірбиесін оқып көріңіз:

«Әр дәретханаға сұранғаның үшін мен саған кәмпит беремін» — деп баласымен «келісім» жасайды. Бұл қулық жүзеге асып, бала да анасы да қуанады. Келесі күндерден бастап, тәтті жеу үшін таңертең бала ұйқысынан тұра сала, түбекке сұрана бастайды. Екі апта ішінде бала 3 шалбарын ғана бүлдіріп, қалған уақыттағы шаруасын түбекте бітіреді. 

Есте сақтаңыз:

  • Бала сигнал бергенде, бәрін тастап бірден іс-әрекетке көшу керек. 
  • Баланың түбекке сұранғаны үшін мақтап, мотивация беру керек.
  • Баланың жөргектен шығуына барлық үй мүшелері көмектесуі тиіс:

 Егер демалыс күндері анасы ұйқысын қандыру үшін, балаға қайта жөргек кигізсе – еңбегі жиі еш кетіп жатады. Бала да бұны түсініп: «егер қайта жөргекке жіберуге болса, ойыншығымды тастап, неге айтуым керек» — деп ойлап қалады.  

Баланы түнгі жөргектен шығару қиын

Көптеген балалар күндіз түбекпен достасса, кешке баяғы жөргекке жолдас болады. Ата-аналар мен балалардың ағзалары екі түрлі. Үлкендердің ағзасында кешкі дәретті сақтар тұратын гормон болады. Ал бала кіші кезінде ол толығымен қалыптасып үлгермейді. Бұл процестің қалыптасуы кейбірінде мектепке барғанша жалғасады.

Есте сақтаңыз:

  • Балаға кешкілік су бермей қоймаңыз, бастысы ішкен сұйықтық мөлшерін бақылаңыз. 
  • Баланы қайта-қайта оятып, ұйқысын бұзып алмаңыз. Бала ата-анасының оятқанына үйреніп, миынан келетін сигналды қабылдай алмай қалады.

 

Бөлісу45Твит28
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    963 бөлісу
    Бөлісу 385 Твит 241
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    903 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    696 бөлісу
    Бөлісу 278 Твит 174
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.