Ақылды балалар қайдан пайда болады? Неге бір бала екінші баладан алғыр болады? Бұл сұрақтың жауабын: психолог, «Еріншек ананың дамыту сабақтары» кітабының авторы Анна Быковамен ала алдық. Барлық мәселе: 1-3 жасар баламен бірге уақыт өткізіп, қарапайым ойындарді бірге ойнауда. KYN.KZ сайты назарларыңызға баланың жадын жаттықтыруға арналған ойындарды ұсынады.
Тексеріп көріңіз, нәтижесін 5-6 жылдан соң анық байқай аласыз!.
Балаға қабілет екі жолмен беріледі:
- Біріншісі, қан арқылы берілетін дарын : бұны ешкім өзгерте де түзете де алмайды;
- Ал екіншісі – туғаннан соң қалыптасатын қабілет. Бұл қабілетті қалай дамытуға болады?
Бұл сұрақ ата-аналармен қатар ғалымдарды да толғандырып, көптеген зерттеу жүргізуге тура болды. Зерттеу: 5 жастағы балаларға жүргізілгенде және олар 10 жасқа толғанда жасалды. Тесттен жоғары ұпай алған балалар 5 жылдан соң да жоғары нәтиже көрсете алды.
Ал, оларға ертеректе жасалған зерттеу, керісінше 1-2 жастағы нәресте кезіндегі интеллектісі одан кейінгі жастарында жүргізілген зерттеулерімен байланысы анықталмады. Неге?
Осы сұраққа,ғалымдар: « Жүре келе пайда болған қабілет – баланың 1-2 жасында ойнатылған дамыту ойындары арқылы қалыптасады»-деп жауап берді.
Балаңыз қабілетті болып өссін десеңіз, оған көп уақыт бөліп, төмендегі ойындарды жиі ойнатыңыз.
1-2 жастағы баланың зейін арттыратын ойындар:
«КУ-КУ» ойыны
Басты мақсаты – баланы эмоционалды тұрғыда дамытып, байқампаз етеді.
Анасы «ку-ку!» деп, қолының немесе бір заттың арттына тығылады. Бала жоғалған анасын іздеп, оның қайта пайда болуын күтеді. Бірнеше секундтан кейін, назарына анасы пайда болып, екеуі де қуанышқа бөленеді.Осылайша бірнеше рет қайталанады.
«Қолың қайда?» ойыны
Бала қолын(бір затты) арқасына тығады. Үлкен кісі: «қолың қайда? Жоқ па?!» -деп сұрайды. Бала қолын көрсеткенде, үлкен кісі таңғалып: «міне,қолдар!»-деп қуанады. Бала ойынды өзі басқарып отырады.
«Қай қолымда?» ойыны
Үлкен кісі қолына бір затты екі қолына алмастыра жасырып отрады. Затты екінші қолына ауыстырғанда арқасына тығып ауыстырады. Бала бәрін бақылап отырып, заттың қай қолда жасырынғандығын табуға әрекеттенеді. Ол үлкен кісінің қолдарынан көзін алмай, барынша ұқыпты болуға тырысады.
«Тығылмашақ» ойыны
Бала перденің артына тығылады. Анасы оны көріп тұрса да: «Айдар қайда? Мүмкін кереуеттің астында шығар? Әлде шкафтың ішінде ме екен? Қап, мұнда да жоқ. Ааа,онда столдың астында шығар? Мұнда да жоқ! Айдаар,қайдасың?» -деп іздеген сыңай танытады. Ойын жалғасады, Айдардың назары да жалғасады. Ойын – баланың назарын ұстап тұруға көмектеседі.
Барлық ойынды баланың өзі де ойнай алады, алайда процесс қызықсыз жүріп, жалықтырады. Ал үлкендермен бірге ойнаса, эмоция да қызығушылық та жоғары болады.
Бет орамалы арқылы ондаған ойын ойлап табуға болады. Соның бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.
Орамалмен билеу:
Бала анасының (үлкен кісінің) биін қаталайды.
Орамалды айналу:
Балалар бет орамалдың шеттерін ұстап, айналады. Басты қағида: ормалды жібермеу.
Орамалды келесі адамға беру:
Бала өзінен кейінгі тұрған балаға ормалды береді. Осылайша кезекте тұруға, кезекті күтуді үйренеді.
Ойынды сөздер қосып,аздап қиындатуға болады. Мысалы, «саған сыйладым» деп келесі балаға берсе, ол: «рахмет!»-деп ормалды өзіне алады. Осылай бала ізеттілік пен жомарттылыққа үйренеді.
Орамалды бірінші алу:
Орамал жерде жатады. Музыка ойнағанда бәрі айналып жүреді, ал ән тоқтағанда бірінші болып біреуі алуы тиіс.
Ілінген орамал:
Орамал қабырғаға ілініп тұрады. Оған секіріп, қол жеткізу керек.
Жұдырыққа жасырылған орамал:
Үлкендер жұдырығына оңай жасыра алады, ал баланың кішкентай алақанына жасыру қиындау. Баланың жұдырығының орнына босаған иогурт құтысын немесе басқалай жеңіл затпен алмастыруға болады.
Көрсетілген нұсқау бойынша орамалды бүктеу:
Ортасынан немесе квадрат етіп, конверт немесе бантик етіп ормалды бүктеуі тиіс.
Орамалбен жасырынбақ:
Ойынға кішкентай үш зат керек: машина,сушки, кәмпит және т.б
Баланың көзін жабуын өтінеміз. Бір затты орамал астына жасырамыз. Бала көзін ашып, ормалдың астында не жасырынғанын табуға міндетті.
Ормалды бөлмеде жасыру:
Баладан көзін жабуын өтініп, анасы ормалды көрінетіндей етіп бөлмеге жасырады.
«Жел»
Стол үстіндегі ормалды қатты үрлеп, оны жерге түсіруі керек.
«Байлау»
Анасы ормалды шешілетіндей етіп, түйнектеп байлайды, бала оны шешуі керек.
«Жуу»
Ормалды суға малып, сабындап жуып, оны шайып және кептіруі керек.