Қарақалпақтар Қазақстанда тұру үшін жаппай өздерін қазақ етіп жаздырып алып жатыр
Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан азаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр. Бұл туралы IWPR басылымының тілшісі Ольга Борисова хабарлайды.. Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздің тілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алып адамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған. Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптен тіркелуде. Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек 1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен. Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып келе жатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек Қарақалпақстанда өзбектердің өсімі 17 пайызды құраса, қарақалпақтардың өсімі тоғыз-ақ пайыз. Автор халықтың Қазақстанға үдере көшуінің бір себебін елдегі жұмыссыздық пен экономиканың әлсіздігімен байланыстырады. Бұған дейін «Еркін Қарақалпақстан» ұлттық жаңғыру партиясы ресми Ташкент тарапынан қысымдардың жасалып жатқанын мәлімдеп, азаттық үшін күреске үндеген болатын. Фото: disput.az