Басты жаңалықтар
Алматыда көліктен аяғын салбыратып жүрген жолаушы үшін шопыр жазаланды
- автор kyn.kz
- 18 маусым, 2018
- 718

Бір топ жасөспірім көлікке міңгесіп алып, әкімшілік тәртіпті бұзған
Бұл бейнеролик Инстаграм желісіндегі «almaty_dtp» паблигінде жарияланған болатын. Бейнекадрда көшеде кетіп бара жатқан көліктен адамның екі аяғы салбырап тұрған.
Полиция жол ережесін бұзған Тойота жүргізушісін ұстады. «Бұл қызық болғанмен, егер төтенше жағдай бола қалса күлуге шама болмай қалады. Жол ережесі адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Жас жігіттер ерігіп бара жатқанда арттағы жүргізуші камераға түсіріп алған.
Жүргізуші жолаушыларды тасымалдаған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс. 19 жастағы жүргізушіге ҚР ӘқбК 593-бабының 1-бөлімімен 5 АЕК, 12042 теңге айыппұл салынды», - деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.
Келесі мақала
"Алау" тобының жігіттері "жөзекшеге" айналды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ерболат Досаев Олжас Бектеновтің орнын басуы мүмкін – БАҚ
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2025