Басты жаңалықтар
Заитов: Қосановты еш жамандамаймын, митингтен бізге еш пайда жоқ
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2019
- 215
Ақын: Қазақстандағы кедейлік қолдан жасалған, күншілдіктен туған
Ақын Ринат Заитов елдегі президент сайлауынан кейінгі шудан кейін халық алдына шығуды тоқтатты. Көпшілік митингіге шыққан ақынды полиция басып, артық ауыз сөз айтар болса жазалауға даяр деп түсінді.
Митингілер басылып, халық жеңіске жеткен президентке үйреніп қалған кезде Заитов өткен оқиғалар бойынша Ирина Советжанқызына ашық сұхбат берді.
"Митингіге шығар алдында бәрін біліп, бірнеше тәулікке қамауға алынатынымызды да болжадық. Алаңнан мені полиция алып кеткен кезде халық мені босатуды талап етіп, тарамай қойды. Соны естігенде өзімнің сондай бақытты ақын екенімді түсіндім. Мен митингіге қарсымын. Себебі, рұқсат етілмеген митингіде қантөгіс, біреу ағасынан, біреу қарындасынан, біреу туысынан айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан мені сүйрелеп алып кеткен полицияға еш қарсылық танытпай еріп кетебердім. Себебі, қасымдағы жігіттер мені босатуды талап етіп, полицияға айбат көрсете бастады",-дейді ақын.
Ринаттың сөзінше ол қазір президенттіктен үміткер болған Әміржан Қосановтың атын да атағысы келмейді екен. Ренжігені сонша Қосановтың сайлау қорытындысынан кейінгі сұхбаттары мен жағдай бойынша халыққа берген түсініктерін де тыңдамапты.
Ақын халықты митингілерге бақталастық пен қолдан жасалған кедейліктің арқасында шықты деп есептейді.
"президент Тоқаевтың өзі айтты. "Халық еріккеннен емес кедейліктен митингіге шықты" деп. Менің түсінігімдегі Қазақстандағы кедейлік ол қолдан жасалған. Себебі көріп отырмыз. Егер Кеңес үкіметіндегідей бәрінде бірдей жағдай болса болмас еді. Қазаққа өзі қара наны мен қара суы болса болды. Көп зат сұрамайтын халықпыз ғой. Қазір халық содан айырылып баражатыр. Енді көшенің келесі бетінде оннан аса машинасы бар көршісі тұрады. Оның бір костюмінің өзі бір әулеттің бір айлық азығы тұрады. Міне осыны көрген халық наразы болмай қайтеді? ",- деді ақын.
Келесі мақала