Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

Тура осындай митинг Шымкентте де болды

07.07.2019
0
Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

6 шілдеде кешке Алматыда полиция орталық стадион маңында жүрген онға жуық азаматты ұстады. Ұсталғандардың бірі «Шал кет!», «Алға, Қазақстан!» деп айғайлады. Полиция оның қолын қайырып, қарсыласқанына қарамастан автозакқа отырғызды.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Бектұр Ізбасаров Абай мен Байтұрсынов көшесі маңында сәкіде отырған азаматтарға «бұл заңсыз митинг, 10 минут уақыт берем, егер бұл жерден кетпесеңіздер, ұстаймыз» деп ескертті.

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Астана митинг 06.07.2019. KYN.KZ парақшасы митинг кезінде тікелей эфир жүргізді. Видео сториста сақтаулы.

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz) 6 Июл 2019 в 7:10 PDT

Есімін Сәлима Қағазбаева деп таныстырған азамат «Шаршағандықтан келдік. 27 жыл бойғы алдау. Биліктің тұтас кеткенін қалаймыз. Бәрі кетсін. Өміріміз өтіп барады. Балаларымның өмірі бұдан да нашар болғанын қаламаймын» деп айта бастап еді, оны сөйлеп тұрған жерінен полиция қызметкерлері ұстап әкетті.

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

Нұр-Сұлтанда да дәл осыған ұқсас жағдай болып жатыр.Ұсталғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ тікелей эфирде ақпарат таратып жатқан Азаттық тілшілерінің шамалауынша, олардың саны оннан асады.

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Бетіне маска киген азаматтар Азаттық радиосы журналистерінің камерасына жармасып, штативтерін сындырып тастады. Митингтен тікелей эфир «сториста» сақталған.

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz) 6 Июл 2019 в 7:12 PDT

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

Қолшатыр ұстаған маска таққан, қара түсті киім киген белгісіз азаматтар Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасады. Олар қолшатырмен камера бетін көлегейлеп, азаматтарды ұстап жатқан полиция әрекетін түсіруге бөгет жасады.

Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған.

Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. «Ақша жымқырды», «адам өлтіруге тапсырыс берді» және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz) 6 Июл 2019 в 12:07 PDT

Бөлісу38Твит24
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1421 бөлісу
    Бөлісу 568 Твит 355
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    937 бөлісу
    Бөлісу 375 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    902 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.