Басты жаңалықтар

Полиция наразыларды көлігімен қоса алып кетті:Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг болды (фото,видео)

Тура осындай митинг Шымкентте де болды

6 шілдеде кешке Алматыда полиция орталық стадион маңында жүрген онға жуық азаматты ұстады. Ұсталғандардың бірі "Шал кет!", "Алға, Қазақстан!" деп айғайлады. Полиция оның қолын қайырып, қарсыласқанына қарамастан автозакқа отырғызды. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Бектұр Ізбасаров Абай мен Байтұрсынов көшесі маңында сәкіде отырған азаматтарға "бұл заңсыз митинг, 10 минут уақыт берем, егер бұл жерден кетпесеңіздер, ұстаймыз" деп ескертті.  width=

Есімін Сәлима Қағазбаева деп таныстырған азамат "Шаршағандықтан келдік. 27 жыл бойғы алдау. Биліктің тұтас кеткенін қалаймыз. Бәрі кетсін. Өміріміз өтіп барады. Балаларымның өмірі бұдан да нашар болғанын қаламаймын" деп айта бастап еді, оны сөйлеп тұрған жерінен полиция қызметкерлері ұстап әкетті.  width= Нұр-Сұлтанда да дәл осыған ұқсас жағдай болып жатыр.Ұсталғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ тікелей эфирде ақпарат таратып жатқан Азаттық тілшілерінің шамалауынша, олардың саны оннан асады.  width=  width=

 width=

Қолшатыр ұстаған маска таққан, қара түсті киім киген белгісіз азаматтар Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасады. Олар қолшатырмен камера бетін көлегейлеп, азаматтарды ұстап жатқан полиция әрекетін түсіруге бөгет жасады. Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған. Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. "Ақша жымқырды", "адам өлтіруге тапсырыс берді" және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан.