Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жігіт жұрттың көзінше қыздың үстіне әдейілеп бензин құйып,өртеп жіберді

Жігіт жұрттың көзінше қыздың үстіне әдейілеп бензин құйып,өртеп жіберді
ашық дереккөз
Қаланың орталығында болған оқиға куәгерлері екі жасты ажыратып, құтқарудың орнына видеоға түсіріп тұрған
28 жастағы жігіт  өзінің 22 жастағы сүйіктісінің үстіне  бензин құйып , жұрттың көзінше өртеп жіберді. Оқиға Украинаның Бабурка ауылына жақын маңда 2 шілдеде  күні болды. Оқиға куәгерлері қызға көмекке ұмтылса, кейбірі оны видеоға түсіріп тұрған. Бойжектеннің денесінің 90%-і күйіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қазір қызды аман алып қалу үшін бәрін жасап жатыр. Өртенген қыздың әлеуметтік желідегі парақшасына қарасаң қайғылы жағдайға сену қиын. Себебі қыз жігітке расымен ғашық болған. сырттан қарап екеуі жарасымды әрі бақытты жұп дерсіз. "Оның әр бөлшегін жақсы көруге дайынмын, ол маған күнделікті бақыт сыйлағандай, мен де оған бақыт сыйлағым келеді", - деп жазады қыз жігіті жайлы. Қыздың айтуынша, жігіті танысқаннан кейін келесі күні сөз салыпты, ал арада бір-екі ай өткенде ата-анасына барып, үйленуге рұқсат сұраған. Бірақ қызғаныш салдарынан екі жастың арасында кикілжің пайда болады. Қыздың құрбылары айтқандай, жігіті бойжеткенді қатты қызғанып, әр басқан қадамын аңдиды екен. Ер адам сотта жылап, кешірім сұрап, кінәсін мойындамай,  "сабақ болсын дегенмін" деп ақталды. Оның үстінен "Адам өміріне қастандық жасау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. "Ешкімді өртегім келген жоқ. Қорқытып, ара қатынасымызды нығайтқым келді. Қасымда тұрған еді. Темекі тұтатпақ болдым. Екеуіміз де жана бастадық. Жейдемді шешіп, оны сөндіруге тырыстым", - дейді жігіт болған жағдайға қатысты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар