Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың кредиті мен өсімпұлы қашан кешірілетіні белгілі болды

Ұлттық банк президент Тоқаевтың тапсырмасы қашан нақты жүзеге асырылатынын хабарлады

Мәселелі кредиті бар қазақстандықтардың  банк алдындағы берешегі заңды түрде қашан кешірілетіні белгілі болды, деп жазды KYN.KZ  сайты. Құжатқа сәйкес, «Проблемалық несиелер қоры» АҚ облигациялар шығарып, оларды орналастырады. Мұнан кейін екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбы, яғни айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кешіреді. Бұл биылғы жылдың 30 шілдесіне дейін атқарылуы тиіс. Әрі қарай аталған ұйымдар 2019 жылдың 2 тамызына дейінгі мерзімде «Мемлекеттік кредиттік бюроға» банктік қарыз шарттары бойынша кешірілген айыппұлдар мен өсімпұл сомалары және биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша микрокредит беру туралы ақпаратты жібереді. Кредиттік бюро қорға әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша кешірілген айппұлдар мен өсімпұл сомалары туралы ақпарат жібереді. Орындалу мерзімі – 2019 жылдың 9 тамызына дейін. Мұнан әрі қор 2019 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде әрбір екінші деңгейдегі банкпен және микроқаржы ұйымымен кешірілген айыппұлдар мен өсімпұлбөлігін өтеу туралы және екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша іс жүзінде кешірілген берешегі туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсыну міндеті туралы ережені көздейтін келісім жасайды. «Қор 2019 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде келісім негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кешірілген жойылған айыппұлдар мен өсімпұл бойынша 30 пайызды өтейді», - делінеді құжатта.