Терезенің алдында жыныстық қатынасқа түскен екеу 9-қабаттан құлады
Куәгер оқиғаның қалай болғанын баяндап берді
Көпқабатты үйде тұратын келіншек 5 шілде күні түнде терезеден құлаған әйел мен ер адамды көрген. Ол бірден полицияға хабарласқан. Дереу жеткен тәртіп сақшылары жасы 25-30 шамасындағы әйелдің денесін тапқан. Оның үстінде қызыл спорт шалбары мен ақ түсті жейде болған. Алдын ала болжам бойынша онымен бірге құлаған ер адам жеңіл жарақат алып, оқиға орынан қашып кеткен. Оқиға Санкт-Петербургтің Невск ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде терезенің алдында қатынасқа түскен екеу тоғызыншы қабаттан құлады. Бұл жөнінде «Фонтанка.ру» сайты оқиға куәгеріне сілтеме жасай отырып хабарлады. Алдын ала болжам бойынша келіншек өзі құлаған пәтерде төрт ер адаммен бірге ішімдік ішкен. Артынша қыз ер адамдардың бірімен терезенің жақтауында қатынасқа түскен. Сол жерде тепе-теңдікті ұстай алмаған екеу жерге қарай құлаған. Қазірге әйелмен қатынасқа түскен ер адамның қайда кеткені белгісіз. Полиция қылмысты ашу үшін сол күні пәтерде болған адамдарды іздеумен айналысып жатыр. Оқи отырыңыз: http://kyn.kz/2019/07/07/қайтыс-болған-20-жастағы-жігіт-жерлеу-к/ http://kyn.kz/2019/07/07/анасы-қайраттың-шымкент-сахнасында-ә/ http://kyn.kz/2019/07/05/дана-нұржігіт-11-рет-эко-жасатып-әлімді/ http://kyn.kz/2019/07/07/жігіт-жұрттың-көзінше-қыздың-үстіне-ә/