Басты жаңалықтар
Қойылымға бір сағат қалған кезде дрессировщикті төрт жолбарыс талап тастады
- автор kyn.kz
- 6 шілде, 2019
- 247
Оқиға орнына жеткен әрігерлер мен цирк қызметкерлері қансыраған жаттықтырушының денесін жолбарыстар қамалған тордан алып шыға алмай әбден қиналды
Италияның Бари провинциясында төрт жолбарыс дрессировщикті қойылым алдындағы дайындық кезінде талап, өлтіріп қойды.
4 шілде күні 61 жастағы Этторе Вебер жолбарыстармен қойылым алдындағы соңғы дайындықты өткізіп жатқан. Жолбарыстар жаттықтырушыны айғынан соғып құлатып, өлгенше шайнап тастаған. Цир актерінің әріптестері мен оқиға орнына жеткен дәрігерлер дрессировщиктің денесін жолбарыстар қамалған тордан алып шыға алмай жарты сағат жүрген.
Дәрігерлердің сөзінше аңдардың жаттықтырушысы бірденнен ауыр соққы алып, орнынан тұра алмай қалған. Сол себепті де жануарлар оны басынып, шайнап тастаған.
Қайтыс болған дрессировщик әріптестерімен бірге Италияға 15 маусым күні гострольдік сапармен келген. Қазірге цирк әртісінің денесі қайда қойылады, жаттықтырушысына шапқан жолбарсыстардың тағдыры не болады деген сұраққа жауап жоқ.