
Барлығы үш ауыл мен бір ауданның атауы өзгереді
Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертіледі. Ал Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.
Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, тиісінше Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып қазақшаланады.
Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025