Алматы облысында әкім 7 шілде туған балаларға домбыра сыйлады
Бүгін Қазақстанда Домбыра күні
Бүгін - Ұлттық Домбыра күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүние есігін ашқан сәбилерге домбыра сыйланды. «Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясы мақсатында биыл Ұлттық домбыра күні екінші рет аталып өтуде. Шілденің бірінші жексенбісі аталып өтетін Домбыра күнінде ауданымызда 7 шілде қарсаңында дүниеге келген үш сәбиге аудан әкімі Темірлан Бектасов Домбыра тарту етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, аудан басшысы дүние есігін ашқан сәбилерге ұзақ ғұмыр, қазақтың маңдайалды өнерпаз болуларын тіледі» делінген хабарламада. Айта кету керек, жыл басынан бері Панфилов ауданында бүгінге дейін 1370 сәби дүниеге келсе, соның сегізі - егіз балалар.