Басты жаңалықтар

Свингерлердің секс- фестиваліне қатысқан 52 жастағы әйелдің жүрек талмасы ұстап құлады

Бір өлімнен қалған әжейді қатысушылар " шамасына қарамай әрекет етті" деп әжуалады

Оқиға орын алған кезде фестивальге келген 700 свингер таңырқап қалған. Десе де, уақыт ұзартпай көңіл көтеріп түрлі ойындар ойнауды жалғастырған. Англияның Вустершир аймағында ұйымдастырылған үш күндік Swingfields Festival фестивальге келген әйелдің жүрек талмасы ұстап қалған. Аты-жөнін құпия сақтауды сұраған 52 жасар әйелдің фестиваль уақытында демалуы қиындаған. Сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп кейіннен вертолетпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған инфарк деген диагноз қойған. Swingfields Festival құпия түрде ұйымдастырылған. Фестиваль барысында  арнайы күзеттер қойылдған.  Ересектерге арналғңан фестиваль ұйымдастырылған аймақ балалар лагерінен бар болғаны 180 метр қашықтықта орналасқан екен. Айта кетсек, 2017 жылы Британияда дәл осындай секс-фестивалден бір ер адам көз жұмған. Бір әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.   Дереккөз:  m.lenta.ru