Басты жаңалықтар

Димаш: Мен гастролде жүргенде келіншегім ата-анамның қасында қалады

Әнші болашақ әйеліне қоятын талаптарын айтты

Танымал әнші Димаш Құдайберген  Дана Нұржігітке берген сұхбатында алғаш рет ағынан жарылып, жеке өмірі жайлы толығырақ айтып кетті. Димаш ата-әжесінің қолында өсіп туған анасы Света Айтбаеваны апа (батысша әпке) деп атап кеткен, деп жазды KYN.KZ. "Менің арманым атам мен әжемді, әкем мен анамды, бауырымды бәрінің басын бір шаңырақ астына жиып бірге тұру. Үлкен үй салғым келеді. Мен ешқандай бөлек тұрғым келмейді. Бақыт деген жақын адамдарыңның амандығы, сол кісілердің қасыңда болуы емес па? Мен барлық жақын адамым қасымда болуы үшін бәрін жасаймын. Қазақы дәстүр бойынша үйдің кенжесі үлкен кісілерді қолына алады. Бірақ мен ондайға көнбеймін. Қариясы бар үй қазыналы дейді. Мен қазынамды, байлығымды басқалардан қызғанамын. Сондықтан бірге тұрамын. Ал болашақ жарым менің өнерімді түсінуі керек. Мен қай қалада болмайын, келіншегім  үйде, үлкен кісілердің қасында болады ",-деді әнші.