Басты жаңалықтар

Балықты тірідей жұтып қойған ер адам көз жұмды

Филиппиндік ер адам балық аулауға барып байқаусызда тірі балықты жұтып қойған.

Бугасонг тұрғыны Филиппиндік Роджер Марселино үйіне жақын аумақтағы өзеннен  11 жасар ұлымен балық аулауға шыққан. Балық аулау кезінде байқаусызда тилапия балығын жұтып қойған. Бірақ, ол уақытта ұлы жанында болмапты. Сол себептен де әкесінің дауысын естімеген. Роджер осы уақытта үйіне қарай жүгіріп, әйелін көмекке шақырған. Әйелі балықты өз күшімен шығара алмағандықтан, арнайы көмек шақырған.  Құтқарушылар келген уақытта Роджер Марселино дем жетпей есінен танып қалған. Ауруханаға жеткізілген 49 жастағы ер адамды дәрігерлер аман алып қала алмапты. Дереккөз: m.lenta.ru