Басты жаңалықтар
Жамбыл облысында әлдекімдер жетім қызды әжесінен тартып алып, бейімдеу орталығына күштеп жайғастырған
- автор kyn.kz
- 9 шілде, 2019
- 259
Базаркүл әжей:Бірден келді де шай ішіп отырған жерден қызды сүйрей алып кетті. Міне екі айға жуықтады немеремді үйіме алып кете алмай жүрмін
Оқиға Жамбыл облысында орын алған. Кішкентайынан бағып-қағып өсірген қызын белгісіз біреулер тартып алып, Тараздағы балаларды қолдау орталығына жіберген.Бұл туралы Евразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды.
Эсмира есімді қыз ата-анасынан айырылып 7 жасында тұл жетіп болып қалған. Жуалы аудандық соты сол уақыттан бастап қызды нағашы әжесінің қамқорлығына берген. Қызды бауырына басқан әжесін Эсмира мама деп атап кеткен. Осындай берекелі өмірлері бір жарым ай бұрын бұзылыпты. Өздерін әкімдіктенбіз деп таныстырған белгісіз біреулер қызды әлеуметтік орталыққа әкетіп қалған.
Эсмираның айтуы бойынша, оның еркінсіз алып кеткен. «Орталықта жағдайым жақсы, дегенмен анама қайтқым келеді» дейді ол.
Ал, Эсмираны бала кезінен бауырына басқан Базаркүл әже «қызымды ешкімнен кем өсірмедім» деп жылап отыр.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын орган қыздың жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқанын алға тартуда.Базаркүл Орынбаеваны ата-аналық құқығынан айырамыз дейді.» Қыздың қорғаушысы біз барғанда мас күйінде болатын» деп отыр орган қызметкерлері.
«Жетім екенімді енді ғана сезіндім» деген Эсмира мен ботадай боздаған Базаркүл әже енді тек сот шешімін күтіп отыр. Шешім бүгін, 9 шілде күні шығарылады деп күтілуде.