Басты жаңалықтар

Ақтөбеде маман тапшылығынан мектеп мұғалімдері құтқарушы болып жұмыс істеп жүр

Негізінен алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары кезекшілік атқарып жүр. Алғаш рет енгізіліп отырған мұндай тәжірибе суға шомылу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазды KYN.KZ 24.kz  сайтына сілтеме жасай отырып. Әрі өңірдегі жағажайлардың бәріне бірдей кәсіби мамандар жетіспейді. Маусым басталғалы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 130 мұғалім оқудан өтіп, сертификат алған. Бүгінге дейін судан құтқарылған 243 адамның 26-сын оқытушылар аман алып қалыпты. Жалпы, жыл басынан бері облыста 9 ақтөбелік суға батып кеткен. "Оларды пайдаланып отырған себебіміз, олар осындай жекеменшік жағажайларда сол жерлердің мектеп оқушыларын, басқа да балаларын біледі және көріп жүрген оқушылар болғандықтан, сол жерде тиісті шарасын қабылдайды",-деді Ақтөбе қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Айбат Жаңабергенов. Мұндай жағдайда біз алдағы уақытта да осындай іс-шараларға тартатын боламыз. "Осы жағажайларда бір ай көлемінде жұмыс істеп жатырмын. Осы аралықта көптеген нәрсе үйреніп, балалармен жұмыс істеп, мұнда суға кеткен екі адам құтқарған болатынмын. Біреуі қыз бала, біреуі ұл. Жұмыс өзіме қызықты", – дейді №24 лингвистикалық мектеп гимназиясының мұғалімі Асан Қабекешов.