Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сириядан оралған әйелдер көзбен көрген сұмдықтарды жылап тұрып баяндап берді

Күйеуі мен үлкен ұлынан айырылған келіншек Сирияны жер бетіндегі жәннат деп сеніп барғанын айтады

09.07.2019
0
Сириядан оралған әйелдер көзбен көрген сұмдықтарды жылап тұрып баяндап берді

«Қатты өкінемін. Бірақ, кеш…». Бұл Сириядан оралған келіншектің сөзі. Осыдан бес жыл бұрын күйеуімен бес баласын алып Сирияға кеткен келіншек енді бармағын шайнап отыр. Қазығұрт ауданында мұғалім болып жұмыс жасайтын күйеуі оқ пен оттың ортасында қаза тапқан.

Ол ған емес үлкен ұлынан да Сирияда айырылыпты. Оның айтуынша күйеуі үйіндінің астына бастырылып қалған. Үлкен ұлын атып тастапты. Және де осы көріністің барлығын «қалай өлгенін көріңдер » деп видеосында көрсеткен.

Дүйсенкүл есімді келіншекте өз өкінішін жеткізе алмай отыр. Жұмақ деп барған мекенінің нағыз соғыс ордасы екенін кеш түсінген.Күнделікті болып жатқан ұрыстың бірінде жұбайынан айырылып, тағы бір азаматқа тұрмысқа шыққан. Алай да, ол да көп ұзамай қаза болған.

Дүйсенкүл келіншектің айтуынша: «күйеуімнің екі аяғынан снайпермен атқан. Бауырынан, бүйрегінен атып тастаған. Өзін құтқармақ болған қазақ бауырларға «Кетіңдер. Қазір сендерді де өлтіреді» деп жан ұшыра айқайлаған. Өзі еңбектеп келіп бір үйдің ішінде жан тапсырыпты» деп жылап еске алып отыр. «Қателігімді түсіндім. Енді ол жаққа бармаймын. Қой терісін жамылып алған қасқырлар екенін білдім» деп, осы тыныштығымызға шүкіршілік айтуда.

Жарылыстан бас сауғалап қашатын жер де жоқ. Күнделікті ас тұрмақ ертеңгі өмірлерін елестетуге қорқып қалған. Қазіргі таңда Сириядан келгендер Арнайы оңалту орталықтарында емделуде.

«Жусан» гуманитарлық операциясы барысында елге Түркістандық 27 азаматпен 18 ер балаға психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде.  «Олардың көз қарасын қайта бейімдеу оңай емес», — деп отыр мамандар.

«Олардың діни фундаменті, діни көзқарасы намаз оқымаған адамды күпірлікпен айыптау. Оның дүние мүлкін тартып алуды күнә санамайды. Бұл – шариғи дінде тәкфирлік идеология деп аталады», — дейді Түркістан облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Марат Мұстафаев.

Жалпы, «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан елімізге 524 отандастарымыз жеткізілді. Оның 30-ы ер адам, 137-сі әйел, 357-сі кәмелетке толмаған балалар. Бұл шараны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Дереккөз: Евразия бірінші арнасы
Бөлісу9Твит6
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1727 бөлісу
    Бөлісу 691 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1434 бөлісу
    Бөлісу 574 Твит 359
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    948 бөлісу
    Бөлісу 379 Твит 237
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    911 бөлісу
    Бөлісу 364 Твит 228
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    807 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    670 бөлісу
    Бөлісу 268 Твит 168
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.