Онлайн ойынға әуес жігіт өзін тамаққа шақырған жүкті келіншегін ұрып, өлтіре жаздады
Келіншек ойын ойнап отырған күйеуін асханада жүріп бірнеше рет тамаққа шақырған, келмеген соң қасына кіріп оның немен айналысып жатқанын көрмек болған
Жүкті келіншек азаматтық некедегі күйеуін тамаққа шақырамын деп өмірімен қош айтыса жаздады. әйел асханада дастархан әзірлеп болып, күйеуін бірнеше рет дауыстап тамақтануға шақырған. ол болса "кележатырмын" деп жауап қатқан. Ақыр соңында әйел күйеуі отырған бөлмеге кіріп, оның не себепті шыға алмай отырғанын көрмекші болыпты. Оқиға австралияның Сидней қаласында болған. Қазір онлайн ойынға тәуелді ер адам сот алдында өзінің кінәлі екенін мойындаған.Бұл жөнінде KYN.KZ cайты Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Сот материалдары бойынша өткен жылдың желтоқсанында Люк Джеймс Мандей өзінің азаматтық некедегі әйелі Грейс Кэмпбелмен ұрысып қалған. Ер адам әйелі бөлмесіне кіріп келген кезде онлай ойын ойнап отырған. Әйел кірген бетте күйеуіне баланың ойыншығын лақтырып жіберген. Мандей орнынан атып тұрып әйелдің бетінен бір ұрып, өзін итеріп жіберген. Онлайн ойын ойнап отырғандар камера арқылы үйдегі ұрыстың барлығын естіген. Бірақ камера басқа жаққа қарап тұрғандықтан ерлі-зайыптылардың төбелесі видеоға түспеген. Сотта ер адам өзінің ашуға берілгенін мойындап, әйеліне қол көтергеніне өкінген.