Алматы облысында күйеуі тастап кеткен әйел үш баланы көшеге тастап, өзі маскүнем болып кетті
Көше кезіп қайыр сұрап жүрген келіншек үшінші сынып оқуы тиіс қызын әлі мектепке де бермеген, жеке құжатын да алмаған.
Алматы маңындағы Ұзынағашта ішімдікке салынған сіңілісін таппай жүрген Набира есімді келіншек өз мұңмен бөлісті. Адамдық қасиетін жоғалта бастаған бауырын тауып, күштеп емделуге жіберу керектігін айтып көмек сұрады. Бұл туралы KYN.KZ сайты "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып жазды. Элмираны іздеуге әпкесі мен қосыла бұрыңғы күйеуі де іске кіріскен. Көшеде жүрген маскүнемдерден сұрап оның кіммен, қайда жүргенін білуге талпынған топтың әрекеті біразға созылды. Сай-саладан таппаған соң бір топ ішімдік ішіп отырғандардың жанына келіп Элмираны сұраған. Бір ауылдың маңында жүрген қаңғыбастар «оның жанында Алдияр бар» деп жауап қатты. Үш баласын тастаған әйел өзі сияқты араққа салынған ер адамды тауып алыпты. «Ол бізге қаңғып келгенде алғаш көмектескен өзім. Ол өзін Әуітгүл деп таныстырды. Жанында бір жігіт бар. Алдияр деген үлкен еркек. Барлығынан тамақ сұрап жүреді екеуі. Өзім де ішіп жүрмін . Екі ұлым бар Аллаға шүкір. Емделейін деп жүрмін», - деді Элмираның бөтелкелес құрбысы Райхан. Бір топ адамға Эльмираның кенже қызы «Анамды ана жақтан іздейікші» деп жол нұсқап қояды. «Егер Элмираны таппасақ қызымды өзім аламын. Оның арақ ішіп жүргеніне 5 жыл болды. Үш қызыма жаным ашиды. Анасыз жүргенін қаламаймын. Элмирамен арада махаббат болды. Қазір енді әйелім есебінде емес туыстық есебінде жаным ашиды. Ол бұрын жақсы қыз болды. Төрт жыл бірге тұрдық. Кейін күніге ішіп келетін болды. Қыста далада шай сататын. «Тоңдым сосын іштім» деп жүрді. Кейін қайтара алмай қалдық»,- дейді Элмираның бұрыңғы күйеуі Бақтияр Бекжанов. «Қызымды ойлап ұйықтай алмаймын. Жауында қалды ма? Қарны тоқ па деп. Бала деген іштен шыққан соң бәлеғой. Жақсы қыз еді. Күйеуі үстінен әйел алған соң қызым осындай болып кетті», - дейді 12 құрсақ көтерген Шәрипа ана. Көп іздеген Элмира ауыл маңындағы маскүнемдер ордасы аталып кеткен үйшіктердің бірінен табылды. «Үйге қайтқым келмейді. Алла бұйыртқан күні қайтармын. Балалардың еш кінәсі жоқ. Балаларымды сағындым. Көрмегеніме үш ай болды», - деп жылап алды кейіпкер Элмира. Осы жағдайдан кейін Алматы облыстық «Жүйке жүйесі» денсаулық сақтау орталығына Элмира мәжбүрлі түрде емделуге жатқызылды. «Документтеріміз жоқ болды. Қыздарымды оқыта алмадым. Дұрыс жұмыс жасай алмадық. Қатты қиналып кеттім. Содан осылай ішімдікке бет бұрдым. Енді жазыламын. Барлығына төземін. Қыздарымның жанында боламын. Анамнан, бауырларымнан кешірім сұраймын», - деп эльмира өз жағдайын түсіндірмек болды.