Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыдағы шулы тиінді жөндеуге тағы 10 миллион қажет болып жатыр

Тиін жасалған сабаннан сол маңайдың барлығы ластанып, тұрғындарды ғана емес аула сыпырушылардың да мазасын қашырған

10.07.2019
0
Алматыдағы шулы тиінді жөндеуге тағы 10 миллион қажет болып жатыр

Сабанның орнын пластик басады. Алматының былтырдан бас атрибутына айналған тиін түрленетін болды. 23 миллион теңге жұмсалған мүсінді енді қайта қалпына келтіруге тағы 10 миллион теңге қажет. Жоба авторлары тұрғындардан көмек бола ма деп қол жайып қарап отыр. Қазір керек соманың тек екі пайызы ғана жиналған, деп жазды KYN.KZ  KTK  арнасына сілтеме жасай отырып.

Түгі түскен түлкідей түгі қалмаған тиіннің қазіргі күйі осы. Былтыр атқамінерлер ауыз толтыра мақтап, Алматының бас арт нысанына айналады деген мүсіннің жарамдылық мерзімі жылға ғана жетті.

Сабаннан соғылғандықтан, сарғайып, қурағандықтан енді оны пластикке алмастырмақ. Тиіннің түрленетініне қуанып жүргендердің бірі көше сыпырушы Сәулетхан Әбдібекова. Өйткені, жел соқса ұшатын, жан-жаққа шашылатын сабанды жинау оның күнделікті жұмысына салмақ түсіреді.

«Біздің жұмысымыз көбейеді ғой. Біздің міндетіміз сыпырып жинау. Дегенмен де сабан емес, басқа нәрседен жасаса», -дейді көше сыпырушы Сәулетхан Әбдібекова.

Басқа емес, сабанның орнына енді мүсінді пластикпен қаптайды. Осылайша бұл жай тиін емес эко-тиін болып шыға келеді. Қазір қажет бір тонна пластиктің тек 200 келісі мынадай жәшіктерге жиналыпты.

«Немерем жинайды. Өзіміз Атакентте тұрамыз. Немерем күнде болмай есік алдына шығып осында келеді»,-дейді Алматы қаласының тұрғыны Ержанат Смақов.

Үңірейген көздері мен қолындағы жаңғағы қалып, қалғаны жалаңаштанған тиін қазір ұсқынсыз. Бұрынғыдай аялдап, суретке түсетін адамдар да жоқ.

Былтыр әкімдік қазына қаржысынан 15 млн бөліп, Ұлыбританиядан арнайы маман алдырып, бас аяғы 23 млн теңгеге бой көтерген тиінді бірі ақтаса, екіншілері даттап жатты. Тіптен, айыптың арқасында хайп жинағысы келген студенттер Алматы іргесіндегі Алмалыбақ ауылында оның сыңарын ешқандай шығынсыз-ақ жасап шықты.

Шаһардың экс-әкімі арт нысанға сынай қарағандардың көп екенін сезгеннен бе көп өтпей, мүсінге жұмсалған ақша қайтқанын айтып ақталды.

Миллиондар жұмсалған сабан мал жеуге де жарамсыз. Ұйымдастырушылар жағуға да, лақтыруға да қимайды. Бәлкім одан орындық жасаймыз ба деген ойларын айтып қалды. Сондықтан көше сыпырушы Сәулетхан апа шашылған сабаннан көзін ашпайтын сыңайлы.

Бөлісу6Твит4
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1727 бөлісу
    Бөлісу 691 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1434 бөлісу
    Бөлісу 574 Твит 359
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    948 бөлісу
    Бөлісу 379 Твит 237
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    911 бөлісу
    Бөлісу 364 Твит 228
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    807 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    670 бөлісу
    Бөлісу 268 Твит 168
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.