"Ешкім көмектеспей қойды":Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, қашып баражатқан жігітті көлік қақты (видео)
Жігіт автобус жолағында электросамокатпен жүріп, шопырмен жолға таласқан
Алматыда электросамокат тізгіндеген жігіт пен автобус шопыры жол бойында төбелесті, деп жазды KYN.KZ. Оқиға автобус жолаушыларының көзінше болған Электросамокат тізгіндеген жігіт қоғамдық көліктің жолына түсіп алып, автобус жүргізушілеріне кедергі келтірген. Ол жайттың барлығы камераға түсіп қалған. Бірнеше жер автобус бен самокат қатарласып жүреді. Автобус шопыры оған дабыл арқылы ескерту берген. Жігіт шошып түссе керек ашуға мінеді. Автобус аялдамаға тоқтаған сәтте ішіне кіріп, шопырды сабап тастайды. Өз кезегінде жүргізуші далаға жүгіріп шығып, өзіне қол көтерген жігітті ұстап алып ол да бірнеше рет қол көтереді. Артынша автобусқа қайта кіріп телефонына жігітті түсіре бастайды. Осы кезде қашып кетпекші болған жігіт жүргізушінің қолынан сытылуға тырысады. Қолын жұлып алып қашып бара жатқан жігітті сол көшенің бойымен келе жатқан басқа жеңіл көлік қағып кетті. Оқиғаны бір автобустың жолаушылары тамашалап тұрған. Кей ер кісілер жүргізуші мен қала тұрғынын ажыратып, оқиғаға араласа кеткен. Ешкімнің сөзіне құлақ аспай жұлқынған жігітті көлік қаққан кезде оған ешкім көмектеспей қойды. Тек оны қағып кеткен жеңіл машинаның жүргізушісі ғана жүгіріп барды. Қазір бұл оқиға бойынша полиция жұмыс істеп жатыр. Кімнің қандай жаза арқалайтыны қазірге белгісіз.