Емші бала Ерболсын тойларға шығып, ән салып жүр (видео)
Көпшілік емшінің әнші болып кеткеніне қайран қалды
Аралқұмда жүргенде бүкіл Қазақстанға үкілі бала, емші бала деген атпен танылған Ерболсын бүгінде емшілікпен қоса әншілікті қатар алып жүретін болған, деп жазды KYN.KZ. Алғаш оны ел танып арналардағы шоу бағдарламаға қатысқан кезде 11 жасар емші бала Төреғали Төреәлімен бірге ән салған еді. Қазір Ақтөбеде тұратын Ерболсын адамдарды емдеуді де тастамаған. Қайта емшілік қонған адамның бойында өнер көп болады дейді.
Ол мұнымен шектеліп қоймай Шымкенттен шыққан әнші Назимамен танысып, әншілер қауымымен араласа бастаған сияқты.