Танымал әзілкеш басшы болды
Танымал әзілкеш басшылық қызметке тағайындалды.
"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды sputniknews.kz -ке сілтеме жасай отырып KYN.KZ. Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. "Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іскен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді Нұрдәулет Шертім. Әзілкеш өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. Нұрдәулет бір сұхбатында: «Мен өзім 14 жыл студент болдым. Әлі де оқығым келеді. «Век живи, век учись» - деген бір жақсы мақал есіме түсіп отыр. Бұл өмірде үйренетін нәрсем әлі де көп. Бірінші техникумда оқыдым, колледжді бітірдім, университетке түстім. Ол университетті бітіріп, басқа университетке түстім. Одан кейін магистратураға түстім. Бірінші мамандығым - экономист-бухгалтер, екіншісі - режиссура, үшіншісі - кеден ісі мамандығы, төртіншісі - халықаралық экономикалық қатынас мамандығы. Сол 4 мамандықты үйренемін дегенше 14 жыл да өтіп кетіпті». Бүгінгі қызметі осы 14 жылдық білімінің жемісі шығар. Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім "Казахи" КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш "Шатақхана", "Базарбаевтар" сериалына, "Гуд бай, мой бай!" және "Женатики" фильмдеріне түсті.