Басты жаңалықтар
Жүріп бара жатқан автобустан секірген балалы әйелдің видеосы жұртты шошытты
- автор kyn.kz
- 12 шілде, 2019
- 443

Әлеуметтік желіде пайда болған видео, Алматыда орын алған.
Кадрдан белгілі болғандай көлік қақтығысынан кейін жүргізуші автобусты тоқтатып сыртқа шығады. Бірнеше минуттан кейін автобус өздігінен қозғала бастайды. Бұған себеп, автобус жүргізушісінің көлікті қол тежегіш режиміне қоймағандығы. Осы уақытта жолаушылар сыртқа шыға бастайды. Олардың арасындағы балалы әйел қатты зардап шеккен.
Оқиға куәгері Лаззат Тоқмолдаева: «Автобус жүргізушісі көлікті тоқтатуға тырысты, бірақ үлгермеді. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеттім. Осы уақытта тағы бір жеті жасар кішкентай бала «анаммен інімді құтқарыңыздаршы» деп айқайлаған дауысы шықты», - деп жазды Facebook әлеуметтік желісінде.
Оқиғадан кейін inAlmaty Денсаулық сақтау бөлімі зардап шеккендердің №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.
«Кәмелеттік жасқа толмаған бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оны хирургтардың мультидисциплинарлы тобы тексеруде. Бастың зақымдануы, ми шайқалуы, кішігірім ішкі жарақаттар, кеуде жарақаты, оң жақ сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы, кеуде сүйектерінің майысуы деген диагноздар қойылды. І-ІІ дәрежелі травматикалық шок » - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келесі мақала
Жолға шашылған 175 мың доллар
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Тоқаев алатау қаласына мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қыркүйек, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңбыр қарға ауысады: 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қыркүйек, 2025