Басты жаңалықтар

Жолға шашылған 175 мың доллар

Американың Джорджия штатының бірінде  инкассаторлардың машинасынан қомақты қаржы жолға шашылған.

Оқиға сейсенбі, 9 шілде күні Атланты қаласының маңында I-285 магистралінде орын алған. Автокөліктің кездейсоқ бүйір есігі ашылып, одан көп купюралар ұшып кетті. Осы уақытта жол үстіндегі көліктер тоқтай қалып асфальтте шашылған долларларды жинай бастайды. Данвуди қаласының полициясы ұрышыларға түскен ақшаны учаскеге жеткізу керектігін ескертті. Әйтпесе, тергеушілер бейнеге түскен машиналардың нөмірлік белгілерін тексеріп, жүргізушілерді жауапкершілікке тартады. «Біз ол жерде орын алған жағдайды түсінеміз. Дегенмен, бұл ұрлық, ақшаны қайтару керек», - деп жазды полиция қызметкерлері Facebook парақшаларында. Алдын ала мәліметтер бойынша, инкассаторлар шамамен 175 мың доллар (шамамен 67 миллион теңге) жоғалтты.