Басты жаңалықтар
Ұлының көз жасын көріп, кремацияға дайындықты тоқтатты
- автор kyn.kz
- 12 шілде, 2019
- 339

Үндістанның Телгана штатындағы бір жас жігіт дәрігерлердің немқұрайлылығы салдарынан жанып кете жаздады.
Маусым айының соңында Гандам Киран есімді жергілікті тұрғын гепатиттің ауыр түрімен ауруханаға жатқызылып, оны жеке клиникаға көшіруге кеңес берген.
Біраз уақыттан кейін туысқандарына жігіттің миы істен шыққанын хабарлайды. Сондықтан оның аман қалу мүмкіндігі жоқ. Дәрігерлер науқастың анасына оны ауамен қамтамасыз ету аппаратынан ажыратуды ұсынды. Алайда, анасы бас тартып, оны үйіне алып кеткен.
Киранның жақындары оны ауруханадан жасанды желдету аппаратымен бірге алып кеткен. Кремацияға дайындық кезінде анасы ұлының көз жасын байқады. Мұны көрген әйел тез арада кремация процесін тоқтатып, жедел жәрдем шақырған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер науқастың анасы оны өлімнен құтқарып қалғанын хабарлады.
Туғандарының айтуы бойынша, үш күннен кейін Гандэм Киран есіне келіп, аздап сөйлей бастаған. Беті бері қараған жас жігітті дәрігерлер ауруханадан шығарды.
Дереккөз: hindustantimes
Келесі мақала
«WiFi» қалай пайда болды?
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025