«WiFi» қалай пайда болды?
Қазіргі уақытта «WiFi» және «интернет» терминдері бірдей қолданысқа ие. Бірақ екі дүние болып саналғанымен де бір-бірімен өте тығыз байланысты .
Қазіргі уақытта «WiFi» және «интернет» терминдері бірдей қолданысқа ие. Бірақ екі дүние болып саналғанымен де бір-бірімен өте тығыз байланысты . WiFi-ды 1997 жылы 802.1 стандартын қолданысқа енгізген IEEE комитетінің төрағасы Вик Хейз ойлап тапқан. Вик xейз WiFi-дың атасы болып есептеледі. WiFi (Wireless) әлі ешкімнің ойына да келмей тұрған уақытта Вик Хейз ең алғаш WiFi теxнологиясын қолданатын стандарттарын құрастырып шықты. Ең бірінші 802.11 стандарты 1997 жылы құрылып, сосын оған өзгертулер енгізіліп жетілдіріле түсті. Олар 802.11a, 802.1b, 802.11g, 802.11n стандарттары еді. WiFi (немесе Wi-Fi) - бұл Wireless Fidelity сөзінің қысқартылған түрі. Wi-fi атауын алғашқы рет 1999 жылдың тамызыннан пайдалана бастады. Бренд консалтингтің Interbrand Corporation фирмасы бұл атауды қолдануды жөн көрді. Wi-Fi қауымдастығы Interbrand-пен «IEEE 802.11b Direct Sequence» -нан әлдеқайда жеңіл атау табуын сұрап, келісім жасасты. Wi-Fi қауымдастығының негізін қалаушы Phil Belanger «Сымсыз желіге қосылу стандарты» (The Standard for Wireless Fidelity) атты маркетингтік ұранды пайдаланды. Ал WiFi сөзі осы ұранның қысқартылғаны. Wi-Fi атауы WiFi немесе Wifi ретінде терілгенімен, бұл атаулар Wi-Fi қауымдастығы бекіткен аттар емес. WiFi - компьютерлерді, ұялы телефондарды, iPad құрылғыларын және басқа да құрылғыларды интернетпен байланыстыратын сымсыз желі технологиясы. Бұл құрылғы радио станцияларынан таралатын арналар секілді ауадағы сигналдар арқылы теxнологияларыңызды Интернетке қосады. Нәтижесінде WiFi жоғарғы жиіліктегі радио сигналы болып есептеледі. «WiFi» атауы не үшін қойылды? Бірікке сөз болар деп ойлаймыз барлығымыз. Бірақ, ол ешқандай мағынаны бермейді екен. Тек «IEEE 802.11b» деп атау қиын болғандықтан, жай ғана «WiFi» атауын ойлап тапқан.