Анжелина Джолиға ұқсаймын деп 50 ота жасаттым: Қыздың өтірігі ашылды
«Ирандық Instagram-блоггерша Анджелина Джолиге ұқсас болу үшін 50 операция жасады», - деп әлем БАҚ-тары жарыса жазды.
«Ол өз кумир-Анджелина Джоли сияқты болу үшін 50 операция жасады. Нәтижесінде ол Тим Бертонның "қалыңдықтың мәйіті"мультфильмінің кейіпкеріне ұқсап қалған. Оның Инстаграмы осындай фотосуреттермен толтырылды», - деп Әлемдік БАҚ Ирандық 19 жасар Сахар Табар туралы жазған еді. Жас қыздың өміріне алаңдап, жанашырлық білдірушілер де, өз кінәсі деп табалаушыларда көп болды. Осы оқиғадан кейін интернет-жұлдыз болып үлгерген қыздың әлеуметтік желідегі парақшасын іздеушілер көбейді. Бірақ, күнделікті бақылаушылар Сахар Табардың суреттегідей емес, жас әрі әдемі қыз екенін байқайды. Шындығында, Сахар Табар әзілдегенін жеткізді. Бұл оның Хэллоуин мерекесіндегі бет әрлеуі. Оған фотошоп арқылы өзгерістер жасап, «Анджелинаға ұқсау үшін 50 сәтсіз ота жасаттым», - деп Instagram парақшасында жариялаған. Көптің қызығушылығын оятқанын түсініп, Сахар сол күнгі фотоларын өңдеп: «Мен әлі Джоли емес, бірақ бұл жұмысты жалғастырамын»,- деп салып отырған. «Мен Джолиге ұқсауды ойламаймын. «Қалыңдықтың мәйіті» персонажына да ұқсамаймын. Бұл жәй ғана қалжың болған. Мерекелік кештен кейінгі бір фотоны өңдегеннен кейін келген идея. Менің өміріме алаңдамасаңыздар да болады», - деп көпшілікке өз шындығын айтты. Дереккөз: medialeaks.ru