Басты жаңалықтар
Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2019
- 540
Әуе көлігіндегі сізді қызықтырып жүрген жағдайлар туралы айтамыз.
Неге телефонды сөндіруді өтінеді? Мобильді байланыс аэронавигация жұмысына кедергі келтіреді. Авиалайнерлердегі электронды жүйенің жұмысы күрделі. Ұшақта мобильді байланыстың болуы автопилоттың арнайы белгілер (сигнал) бойынша бағытын анықтауына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, телефон аэронавигациялық құрылғылардың жұмысына зиян келтіріп, жердегі бақылау орталықтарына рейстерді қадағалауда қиындық туғызады. Ұшақтағы ақылы телефондар. Егер сізге шұғыл түрде жердегілермен байланысу қажет болса, ұшақтағы арнайы ақылы телефондарды пайдалана аласыз. Көк пен жердің арасындағы қоңыраудың құны да жоғары болмақ. Демек, авиакомпаниялар қосымша табыс көзін табу үшін арнайы заң шығаруы да ғажап емес. Ұшақтар неліктен ақ түсті? Көптеген ұшақтардың түстері ақ болады. Бұлай болуы жайдан жай емес. Оның бірнеше себебі бар: - Жылуды шағылыстыру. Егер ұшақты ақ түспен бояса, ол жылуды аз сіңіреді. Бұл жолаушылар үшін жайлы және авиакомпания үшін үнемді. - Ақ түс арзан. Ұшақты ақ түспен бояу басқа түстермен бояуға қарағанда арзан түседі. - Құстармен соқтығысып қалудың алдын алу. Құстар ақ беттен шағылысқан бейнені жақсы көреді. Сондықтан ұшақпен соқтығыспайды. - Ақ түсте сызаттар мен майысқан жерлер тез байқалады. Апат кезінде ақ түсті бөлшектер тез табылады және корпустағы ақау оңай байқалады. Ұшақ терезелері неліктен дөңгелек? 1950-жылдардың басында de Havilland компаниясы «Комета» деген ұшақ жасап шығарды. Бұл ұшақ авиацияның кереметі деп есептелді. Алайда бір жылдан кейін оның әуеде тас талқаны шықты. Бірнеше айдан кейін басқа екі ұшақпен де дәл осындай жағдай қайталанды.
Инженерлер ұшақтың әр бұрандасын тексеруден өткізіп, мәселенің неде екенін тапты. Апаттың себебі ұшақтың терезелерінде екен. Олар шаршы пішінді болатын. Терезе бұрыштарына үлкен күш түсіп, ол ұшу кезінде тіпті артып кететін болған. Инженерлер терезе бұрыштарын доғал жасап, мәселені шешіп берді. Осының арқасында ұшақпен ұшу қауіпсіздеу бола бастады. Ұшақтар аспанда неге ақ із қалдырады? Конденсациялық із жоғары биіктікте құрғақ ауада реактивті қозғалтқыштың пайдаланылған ылғал газы мұз кристалына айналғанда пайда болады. Бұл суық күнде біздің демімізден бу шығатынына ұқсайды. Конденсациялық із – бұл бұлт деуге де болады.
Су буы – бұл реактивті қозғалтқыштағы жанатын қосымша өнім (дәл осыдан ылғал алынады). Конденсациялық іздің түзілуі қоршаған атмосфераның биіктігі мен құрамына байланысты – көбінесе қаныққан будың температурасы мен қысымынан.
Осылайша, бұл із – біраз уақыттан кейін бытырап кететін және мамық бұлттардың бір бөлігіне айналып кететін өзіндік ұзын бұлт. Ұшақтарда күл салғыштар не үшін керек? Ұшақта темекі тартуға болмайтынын бәрі біледі. Бірақ жаңа үлгілердің өзінде дәретхана кабиналарын күл салғышпен жабдықтаған. Өйткен тиым салынғанына қарамастан, кейбір ұзақ уақытқа созылған сапарларда темекіқұмарлар бәрібір темекі тартпай тұра алмайды.
Сондықтан авиакомпаниялар сондай жолаушылар темекі тұқылын ұшақ еденіне немесе унитазға тастамас үшін кабиналардағы күл салғыштарды қалдырды. Неге ұшақ қонған және ұшқан кезде шамдарды өшіріп тастайды? Егер осылай істесе аспанды тамашалауға жақсы болады деп ойласаңыз, қатты қателесетініңізді айтуға тиіспіз. Бұл талап тек қауіпсіздік ережелерінен туындап отыр. Бар гәп ұшақтың ұшуы мен қонуы — ұшқыштардың ең қауіпті маневрлері екендігінде.
Сондықтан, бұндай қауіпсіздік шараларының қажет болатын себептерінің бірі: оқыс жағдай бола қалса, ұшақ экипажы жан-жағын көре алатын болуы керек. Түнде жол жүргенде салондағы шамы өшірілетін автокөлікпен аналогия жасап көруге болады.