Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Әуе көлігіндегі сізді қызықтырып жүрген жағдайлар туралы айтамыз.

14.07.2019
0

Неге телефонды сөндіруді өтінеді? Мобильді байланыс аэронавигация жұмысына кедергі келтіреді. Авиалайнерлердегі электронды жүйенің жұмысы күрделі. Ұшақта мобильді байланыстың болуы автопилоттың арнайы белгілер (сигнал) бойынша бағытын анықтауына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, телефон аэронавигациялық құрылғылардың жұмысына зиян келтіріп, жердегі бақылау орталықтарына рейстерді қадағалауда қиындық туғызады.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Ұшақтағы ақылы телефондар. Егер сізге шұғыл түрде жердегілермен байланысу қажет болса, ұшақтағы арнайы ақылы телефондарды пайдалана аласыз. Көк пен жердің арасындағы қоңыраудың құны да жоғары болмақ. Демек, авиакомпаниялар қосымша табыс көзін табу үшін арнайы заң шығаруы да ғажап емес.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Ұшақтар неліктен ақ түсті? Көптеген ұшақтардың түстері ақ болады. Бұлай болуы жайдан жай емес. Оның бірнеше себебі бар:

— Жылуды шағылыстыру. Егер ұшақты ақ түспен бояса, ол жылуды аз сіңіреді. Бұл жолаушылар үшін жайлы және авиакомпания үшін үнемді.

— Ақ түс арзан. Ұшақты ақ түспен бояу басқа түстермен бояуға қарағанда арзан түседі.

— Құстармен соқтығысып қалудың алдын алу. Құстар ақ беттен шағылысқан бейнені жақсы көреді. Сондықтан ұшақпен соқтығыспайды.

— Ақ түсте сызаттар мен майысқан жерлер тез байқалады. Апат кезінде ақ түсті бөлшектер тез табылады және корпустағы ақау оңай байқалады.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Ұшақ терезелері неліктен дөңгелек? 1950-жылдардың басында de Havilland компаниясы «Комета» деген ұшақ жасап шығарды. Бұл ұшақ авиацияның кереметі деп есептелді. Алайда бір жылдан кейін оның әуеде тас талқаны шықты. Бірнеше айдан кейін басқа екі ұшақпен де дәл осындай жағдай қайталанды.

Инженерлер ұшақтың әр бұрандасын тексеруден өткізіп, мәселенің неде екенін тапты. Апаттың себебі ұшақтың терезелерінде екен. Олар шаршы пішінді болатын. Терезе бұрыштарына үлкен күш түсіп, ол ұшу кезінде тіпті артып кететін болған. Инженерлер терезе бұрыштарын доғал жасап, мәселені шешіп берді. Осының арқасында ұшақпен ұшу қауіпсіздеу бола бастады.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Ұшақтар аспанда неге ақ із қалдырады? Конденсациялық із жоғары биіктікте құрғақ ауада реактивті қозғалтқыштың пайдаланылған ылғал газы мұз кристалына айналғанда пайда болады. Бұл суық күнде біздің демімізден бу шығатынына ұқсайды. Конденсациялық із – бұл бұлт деуге де болады.

Су буы – бұл реактивті қозғалтқыштағы жанатын қосымша өнім (дәл осыдан ылғал алынады). Конденсациялық іздің түзілуі қоршаған атмосфераның биіктігі мен құрамына байланысты – көбінесе қаныққан будың температурасы мен қысымынан.

Осылайша, бұл із – біраз уақыттан кейін бытырап кететін және мамық бұлттардың бір бөлігіне айналып кететін өзіндік ұзын бұлт.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Ұшақтарда күл салғыштар не үшін керек? Ұшақта темекі тартуға болмайтынын бәрі біледі. Бірақ жаңа үлгілердің өзінде дәретхана кабиналарын күл салғышпен жабдықтаған. Өйткен тиым салынғанына қарамастан, кейбір ұзақ уақытқа созылған сапарларда темекіқұмарлар бәрібір темекі тартпай тұра алмайды.

Сондықтан авиакомпаниялар сондай жолаушылар темекі тұқылын ұшақ еденіне немесе унитазға тастамас үшін кабиналардағы күл салғыштарды қалдырды.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Неге ұшақ қонған және ұшқан кезде шамдарды өшіріп тастайды? Егер осылай істесе аспанды тамашалауға жақсы болады деп ойласаңыз, қатты қателесетініңізді айтуға тиіспіз. Бұл талап тек қауіпсіздік ережелерінен туындап отыр. Бар гәп ұшақтың ұшуы мен қонуы — ұшқыштардың ең қауіпті маневрлері екендігінде.

Сондықтан, бұндай қауіпсіздік шараларының қажет болатын себептерінің бірі: оқыс жағдай бола қалса, ұшақ экипажы жан-жағын көре алатын болуы керек. Түнде жол жүргенде салондағы шамы өшірілетін автокөлікпен аналогия жасап көруге болады.

Ұшақта неге телефонды өшіріп қоямыз: Әуедегі қызықты фактілер

Бөлісу13Твит8
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    979 бөлісу
    Бөлісу 392 Твит 245
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    904 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    703 бөлісу
    Бөлісу 281 Твит 176
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.