Басты жаңалықтар

Баян Алагөзова өзі жайлы "Тағдыр бекеті" деген атпен кино түсірмек

Отандық танымал продюсер тағы да киноға түсуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Баян Мақсатқызы  желідегі парақшасында хабарлады,-  деп жазды KYN.KZ Атышулы Алагөзова ханым бұл жолы кезінде өзі басты рөлді сомдаған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы болып табылатын  « Тағдыр бекеті» фильміне түсейін деп жатыр. Ол желіде: «Маған актерлік сала қатты ұнамайды, бірақ бұл жолы мені ешкіммен алмастыра алмайды. Рөлге дайындалып жатырмын, мен өзгеремін...», - деп жазды.