Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күннен қорғайтын SPF

Күннен қорғайтын SPF
ашық дереккөз
Күннен қорғайтын иісмай, лосьондардың сыртында бізге түсініксіз SPF деген үш әріп жазулы тұрады. Ол не?
SPF ( ағылшын тілінен - sun protection factor) күннен қорғайтын препарат. Крем, лосьон не спрей түрінде кездеседі. Күннен қорғау қалыпын теріңіздің фототипіне байланысты таңдау қажет. Негізінен, ақшыл, секпілді адамдар және де сарышын келгендер күнге тез күйеді екен. Мұндай фототиптегілер күнге қатты күйген жағдайда терісі күлбіреп жатады. Сондықтан оларға қорғау дәрежесі жоғары SPF-40 және жоғары типін қолдану қажет. Ал, қолданбаған жағдайда күннің астында 10 минуттан артық журуге болмайды. Ал, терілері бидай өңді болып келетіндер үшін, SPF-30 және жоғары типтері жарайды. Жалпы SPF-ті жалғыз жазда емес, жылдың төрт мезгілінде де қолдану теріңізді күннен қорғап, жастық қалыпын сақтайды. SPF санының көлемі қалай бөлінеді? 1. Аз мөлшердегі қорғаныс – 2-5 SPF; 2. Орташа мөлшердегі қорғаныс – 6-11 SPF; 3. Жоғары мөлшердегі қорғаныс – 12-19 SPF; 4. Өте жоғары мөлшердегі қорғаныс – 20-дан жоғары SPF. SPF-ті қолдану ережелері: Күнге шығардың алдында 20-25 минут бұрын, денеңіздің ашық тұстарына сіңдіріп жағыңыз.
  • Кремді күннің астында жүрген әр 2 сағат сайын жаңартып жағып отыру қажет.
  • Егер сіздің теріңіз тершеңдікке бейім болған жағдайда немесе шомылып жүрген болсаңыз әр 40 минут сайын, ал SPF суға төзімді болса 90 минутта бір жаңартып жағып отырыңыз.
  • 10:00 - 16:00 аралығында күн сәулесі өте интенсивті болғандықтан, бұл уақыт аралығында күн астына шыгудан барынша алыс болыңыз.
  • Күннен қорғайтын косметикалық препараттар қолданыңыз, тері типіне қарай. Егер де теріңіз құрғақ болса, SPF лосьон, ал, теріңіз майлы не безеулер бар болса спиртті негіздегі күннен қорғағыш кремдер қолданыңыз. Теріңіз сезімтал болса, спиртті негіздегі препараттардан мүлде алыс болыңыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар