Басты жаңалықтар

Компьютерлік программа тілін жақсы меңгерсең 342 мың теңге

Технологияның дамыған замамында техниканы меңгерсең қаражат табу мүмкіндігі өте жоғары.

Программист қызметкерлерінің жалақысы Қазақстан Республикасындағы орташа деңгейден асып, 342 мың теңгені құрады деп хабарлайды Finprom.kz- ке сілтеме жасай отырып KYN.KZ. Программист саласындағы қызмет көрсету көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 46,9 миллиард құрап,  көрсеткіш бір жылда 38,7% өсті. Өткен жылғымен салыстырғанда физикалық көлемінің индексі 133,6% құраған болатын. Компьютерлік программалау, кеңес беру және басқа да байланыс қызметтеріндегі мамандардың жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Былтырғы жылдың 1- тоқсанында 168,5 мың теңгеге болса, осы жылы көрсеткіш 342,8 мың теңге жетіп отыр.  Сатып алу фактісі бойынша елімізде жалақы көлемі 5,2% -ды құрады. Ал, IT-секторында ол бірден 9,8% -ға жетті. Компьютерлік программалауға қатысты қызметтердің үштен екі бөлігінен астамы (68%) шағын бизнеске - 32,1 миллиард теңге және жеке кәсіпкерлердің көрсеткен қызметі- 4,2 миллиард теңгені құрады. 5,9 миллиард теңгені ірі кәсіпорындар, 4,7 миллиард теңгенің қызметін орта кәсіпорындар көрсеткен. Ауылдық жерлерде компьютерлік программалау қызметтерінің көлемі айтарлықтай 83,9% төмендеді. Бұл жылғы 119,2 миллиан теңгенің қызметі былтырғы қаңтар-наурыздағы қызметке қарағанда 0,3% кем (бір жыл бұрын - 2,2%). Осы саладағы қызметтер секторының жартысынан көбі программалау: 25,6 миллард теңгені құрап, көрсеткіш бір жылда 24% өсті.