Басты жаңалықтар

Шет тілін жылдам әрі оңай үйренудің жолдары

Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың.

Шет тілін үйрену бізге жаңа мүмкіндіктер алып келетіні білгілі. Әлемде 6000-нан аса тіл бар. Кейбір тілдер өте маңызды болса кейбір шет тілдерінің аса көп маңызы жоқ. Неге? Себебі қай тілде әлемдегі адамдар көп сөйлесе сол тілдің маңызы көп болады. Тіл білген жақсы-ақ. Барлық тілде бірдей сөйлесе алсаң қандай керемет. Бірақ тіл үйренуде оңай емес. Алайда біздің кеңеске құлақ түрсеңіз шет тілін аз уақытта қалай үйренуге болатынын біліп аласыз. Деңгейіңіз қандай? Ең алдымен тест арқылы өз деңгейіңізді анықтап алыңыз. Ал егер бұл тілде жаңадан үйренуге ниетті болсаңыз курстарға бармай өзіңіз үйреніп бастаңыз. Тілді тез үйрену үшінде адамның ынтасы мен қызығушылығы маңызды.Егер өз деңгейіңізді тексергіңіз келсе DuoLingo-ның интернет сайттарынан қарасаңыз болады (https://tr.duolingo.com/). Сіз бұл сайт арқылы тегін білім алып, тест жасап және деңгейіңізді тексере аласыз. Қобалжымаңыз, сөз жаттаңыз. Тіл үйренудегі ең үлкен қателік көп уайымдау және ұялшақтық. Менің қолымнан келмейді, қанша оқысамда үйрене алмаймын деп өз сағыңызды сындырмаңыз. Керісінше өзіңізді жігерлендіріп үйреніңіз. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз. Қандай жағдай болмасын ұялудың қажеті жоқ, басқалар күліп, мазақ етеді деп те қажеті жоқ. Қайта оларға қандай екніңізді көрсету үшін 3-4 айда сол тілдің нағыз маманы болып шығуға тырысыңыз. Музыка тыңдаңыз. Қай тілді үйреніп бастасаңыз, сол елдің әндерін тыңдауға құлағыңызды үйретіңіз. Сөздерін интернеттен қарап жаттап алуға тырысыңыз. Тіл үйрену үшін де музыканың көмегі зор. Өзге тілде ойлануды бастаңыз. Шет тілін үйрену барысында іштей болсада сол тілде ойланып, өзіңізбен сөйлесуде азда болса көмегін тигізеді. Шет тілін сол тілде үйреніп бастаңыз. Мысалы ағылшын тілін ағылшынша оқып үйреніңіз. Ең басында қиын болуы мүмкін, бірақ бірте-бірте тілдің оңай бола бастағанын байқайсыз. Кітаптар, әңгімелер, романдар көп оқыңыз. Түсінбесеңіз қайталап оқуға ерінбеңіз. Кино көп көріңіз. Қазіргі кезде тек қана кино көріп тіл үйреніп алған адамдар да бар. Одан сіз грамматикасын үйрене алмайсыз, бірақ пайдасы да жоқ дей алмаймыз. Курстарға қатыспауғы кеңес береміз. Курс арқылы тіл үйрену біраз қиындау. Жақсы үйрететін орын болса жақсы-ақ. Бірақ жоғарыда айтылған кеңеске құлақ түріп, азда болса тіл үйреніп алсаңыз курсқа беретін ақшаңызға өзге елге барып қыдырып, тіліңізді жаттықтырып қайтқаныңыз пайдалырақ. Әр түрлі сайттар арқылы шетелдіктерді үйіңізге алып келіп қонақ етсеңізде болады. Бұл тәрізді керемет бағдарламалар көп. Бір шетелдік отбасы сізге қыдырып келеді сізде оларға. Ең бастысы тіл үйреніп аласыз