Кез-келген Instagram парақшаны 10 минутта бұзып кірудің жолы анықталды
Хакер қарапайм адамдарға Instagram аккаунттарын бұзудың оңай жолын көрсетті
Киберэксперт Лаксман Мутийя Instagram кез келген аккаунтын 10 минут ішінде бұзу жолын тапты деп хабарлайды ktk.kz-ке сілтеме жасай отырып KYN.KZ. Ол өзінің жобасын сипаттап, Facebook-те өз блогында "Zero Hack" деп жазған. Киберқауіпсіздік саласын зерттеуші Лаксман Мутийя Instagram-да он минут ішінде кез келген аккаунтқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жүйені ойлап тапқан. Оған себеп аталған әлеуметтік желіде парольді қалпына келтіру жүйесінің жетілмегендігі. Құпия сөзді ауыстыру кезінде смартфонға немесе электрондық поштаға парольдің ауысуын анықтау мақсатында сандық код жіберіледі. Ал, оны өзінің почтасы арқылы жүзеге асырғандығын айтқан. Мутийя кодтар жіберу үшін мыңдаған IP-адрестерді пайдалана отырып, әлеуметтік желінің шектеулерін еңсере алды. Ол пайдаланушыға жіберілген кодтың әрекет ету мерзімі аяқталатын уақыт-он минут ішінде 200 мыңнан астам сұрау жіберген. Хакер Instagram-дағы кез келген аккаунтты бұзу үшін бір миллион сұрау жіберілуі тиіс бес мың IP мекенжайы қажет екенін анықтады. Лаксман Мутийя Facebook компаниясына Instagram-ның осалдығы туралы ескерту жасаған. Facebook хакерге жауап хат жолдап, онда осалдықты түзеп, маманды 30 мың доллар сыйақымен марапаттады.