Блогер сөйлесіп жүрген қызын өлтіріп Instagram-ға салып қойған
Оқиға орнынан фото салған жігіттің әрекеті жұртты шошытты.
Нью-Йорк штатында 17 жасар Instagram-блогер Бьянку Дэвинстің өлі денесі әлеуметтік желіге тарап кеткен. New York Post хабарлағандай, қылмысқа 21 жастағы жергілікті тұрғын, блогер Брэндон Кларк күдікті болып отыр. Жастар әлеуметтік желі арқылы хат жазысып, екі ай бұрын кездесе бастаған. Сол кеште олар концерттен қайтады. Кенет екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, Брендон пышақпен қыздың тамағын кескілеп тастаған. Содан кейін Бьянканың өлі денесін суретке түсіріп, Discord, Snapchat және Instagram желісіне салып жіберген. Фотоға «Бьянка кешір мені (I’m sorry Bianca)» деп жазып қойған. Бұл сұмдықты көрген жазылушылар дереу полицияға хабар берген. Қылмыс жасағаннан кейін блогер өз парақшасына: "Бұл соңғы пост шығар. Олар менің соңымнан келе жатыр. Мен өте қорқынышты іс жасадым", - деп жазып қойған. Бірақ, осы және алдыңғы посттарын әлеуметтік желі әкімдігі өшіріп тастаған. Оқиғадан кейін, жас жігіт ауруханаға жатқызылып, кейіннен кісі өлтірді деген айып тағылған.