Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлемдегі ерекше отбасылар

Әлемдегі ерекше отбасылар
ашық дереккөз
Отбасы - сыйластық пен жарасымдылық орнаған ең жақсы әлеуметтік орта.
Әлемде әр түрлі отбасылар бар. Әр қайсысының өмір сүру салты, тағдыры әр алуан. Әлемде қанша және қандай отбасылар бар? Осы сұрақ мазалағанда ойыңызға не түсуі мүмкін? Бәрінен бұрын олардың қандай отбасы, қанша адамнан тұратындығы жанұя мүшелерінің мінез құлқын ойлайтын шығарсыз. Бірақ әлемде барлық отбасылардан ерекшеленетін жанұяларда кездеседі.  Альбиностар жанұясы  width= Бразилияның Пернамбук штатының тұрғындары. Отбасының әкесі мен анасы бразилиялық қара нәсілді жандар. Бірақ олардың балаларының үшеуі альбинос болып өмірге келген. Ағзаның өзіне тән түсінің жоғалу ауруын альбинизм деп атайды. бұл ерекше гендік ауытқу тұқым қуалайды. Жалпы альбинизм ауруы сирек кездеседі. Ал негроидтық нәсілдегі адамдарда альбинизм ауауруы көптеп кездеспейтіні сөзсіз. Негізінде альбинос баланың өмірге келу мүмкіндігі 7000 жұп арасында бір рет қана кезлеседі. Бразилиялық отбасыда бір емес үш баласы альбинизм ауруына шалдыққан. Олар ерекше отбасы болғанымен альбинос балалардың өмірі қиын. Өз қатарластарымен де ойнай бірге ойнай алмайды. Көршілері де балаларымен ойнауға тиым салады екен. Тіпті альбинос балалардың анасын өзге біреудің балаларын ұрлады деп қамауға ала жаздаған. Сиам егіздері  width= Бұл сиам егіздерінің есімдері Чанк және Энк. Қызық болғанда олар Сиам деген өңірде дүниеге келген. Ғалымдардың айтуынша сиам егіздері ұзақ өмір сүрмейді. Бірақ бұл Чанк және Энк жайлы емес шығар. Өйткені олар өте ұзақ әрі қызықты ғұмыр кешкен. Осындай ерекше денесі сиам ағайындыларды Америкаға дейін танымал еткен. Қазір көбі мүмкін емес деп ойлайтын шығар Чанк пен Энк өздеріне өмірлік серігін таба білген. Олар мұндай адамдарға әйел адамдардың назары түспейді деген түсінікті жоққа шығарған. Олардың әйелдері де егіз болған. Бірақ сиам емес. Қызықтың бәрі мүнымен біткен жоқ. Бұл отбасында 21 бала дүниеге келген екен. Америкалық заңдарға бағынбайтын ерекше жанұя  width= Америка үкіметі Джон Грейді қару ұрлап полицейлерге шабуыл жасады деп айыптаған болатын. Осы оқ ға бұл отбасын штаттан қашып өздерінің ранчосында мекен етуіне себеп болды. Қазіргі таңда Грей отбасы өз қолымен өсірген жеміс, көкеністермен не ес ранчо аймағында ұстап алынған жануарлардың етімен тамақтанып, ұзақ уақыт бойы осы жерді мекен етіп келеді. Полицейлерден тығылып өмір сүріп келе жатқандарына 15 жыл болған. Дал осы уақыт аралығанда отбасында балалары да өмірге келіп үлгерді. Қанша уақыт өтсе де Джон өз ранчосын тастап, сыртқа шығудан бас тарқан. Ерекше егіздер жанұясы  width= Лайзи және Адриана Шепард атты жұп 1994 жылы жанұя құрып, перзент сүйуді арман етеді. Бірақ өкінішке орай олар бала таба алмады. Сол себепті Лайзи мен Адриана эко жазатуға шешім қабылдайды. Пайда болған 14 эмбрионның 12 қатырып тастап екеуін қолданады. Осылайша жанұяда сүп-сүйкімді егіздер дүниеге келеді. Бірнеше жылдан кейін жұп тағы бір эко жасатады. Бұл жолы өмірге келген сәби таңқаларлығы үлкен қыздарының егізі болып шығады. Егіздері мен бұл сәбидің аралығы 11 жыл екен. Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген отбасы  width= Солтүстік Ирландиядағы Донеллилер отбасы болды. Олардың жиынтық жас мөлшері – 1073 жылды құраған. Осындай ерекше көрсеткіштің арқасында олар Гиннестің рекордтар кітабына да кіріп отыр. Отбасындағы ең үлкен ағаларының жасы 93-те, ал кішісі – 72 жаста. Олар өздерінің ұзақ өмір сүруінің құпиясымен де бөлісті. Айтуларынша ең үлкен ағалары ұйықтар алдында жылы сұлы жармасының ботқасын жеуге үйреткен екен. “Жарма ботқасын кешкі сағат 10-да және таңғы 7-де жейтінбіз. Сұлы, сүт және аздаған алма жемісі”, – дейді отбасының кішісі Джо. Ал, сіздің отбасыңызда неше адам бар? Сіздің отбасыңыздың ерекшелігі неде?  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар