Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қанға толы 13 санының құпиясы

Қанға толы 13 санының құпиясы
ашық дереккөз
Көп уақыттар бойы көптеген адамдар 13 санынан қорқып келді.
Сонымен трискаидекофобия деген не немесе адамдар 13 санынан неге қорқады? 13 саны қалайша адамдарды қорқытып жүр? Кез-келген теолог немесе 13 санынан қорқатын адамнан сұрасаңыз олар бірінші Иса пайғамбармен болған оқиғаны айтып береді. Иса пайғамбар жазаға тартылмастан бір күн бұрынғы кешкі аста 13 апостолдың ішінде біреуігің сатып кететіндігін білген болатын. Осы он үшінші апостол Иуда Искариот болатын. Оған қоса xазіреті Исаны жазаға тарту жұма күні, айдың он үшінші жұлдызына сәйкес келген болатын.  width= Орта ғасырда дарға асатын жіпке дейін баспалдақтың 13 сатысы болған деген болжам бар. Ал, канспирологтар 13 санына қатысты үлкен мифтер келтіреді. Олардың оқиғалары тіптен қызық. Гизадағы пирамидалар Драко немесе Айдаһар деген жұлдыздан қуат алады екен. Бұл шоқ жұлдыз 13 жұлдыздан құралған. Өздеріңіз білетіндей көп жағдайларда пирамидалар иллюминаттар мен масондармен байланыстырылады. Канспирологтардың ойы бойынша әлемді тіреп тұрған 13 отбасы бар екен.  width= NASA-ның айға жіберген Аполлон миссиясының бір миссиясы ғана сәтсіз аяқталды. «Аполлон - 13» миссиясы айға қона алмай жарылып кеткен болатын.  Ал бұл оқиға 13 сәуір күні сағат 13 минут, 13 секнудта орын алған. Сол үшін де көптеген астронавтар бұл саннан жүрексінеді екен.  width= Британияда айдың 13-і күні жедел болмаса, дәрігерлер мүмкіндігінше операция жасамауға тырысады екен. Ал егер айдың 13-і жұма күнге тура келсе, онда тағдыр осылай деп шешті деген сеніммен өлім аузындағы адамға да операция жасалмайды. АҚШ-та 13 санынан қорқатын адамдар 13- қабаттан үй алмайды, 13 санды пәтерге тіптен де жоламайды. Сонымен қоса 13-орынға отырмайды,тіпті үстел басында он үш кісі отырмауы керек дейді. Кейбір лифттерде 13 - қабатқа жол болмады. Кинотеатрларда 13 нөмірлі орын болмады. Тіпті кейбір эйрлайндарда, мысалға алғанда Франция континет аралық эйрлайндарда 13 нөмірі болмаған. 13- саны мұсылмандар үшін ешқандай қатері жоқ қалыпты сан. Пайғамбарымыздың туған жылының (571-жыл ) сандарын өзара қосқанда 13- саны шығады екен. Константинопольды ( қазіргі Стамбул )мұсылмандар жаулап алған1453- жылдың да өзара сандарын қосқанда 13- саны шығады екен. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар