Басты жаңалықтар

Бізге көмек беретін зиянды әреккеттер

Ғалымдар адамның мінез-құлқын зерттеуді тоқтатқан емес және зиянды әдеттердің барлығы бірдей зиян емес деген қорытындылар жасаған.¬

Еріншектік стрессті азайтады, бұзықтық жұмысқа қабілеттілікті арттырады, содан кейін істі кейінге қалдыру бізге көбірек үлгеруге мүмкіндік береді. 1.Мазасыз мінез-құлық жүрек үшін пайдалы болуы мүмкін  width= Тектен –текке отыру ағзаға өте зиянды екені бәрімізге белгілі. Ішкі организмдердің жұмысын баяулатып, қан айналымын нашарлатады. Ал, мазасыз адамдарда аталған процесстер аз кездеседі екен. Өйткені олар эмоцияға қатты берілген уақытта қолмен және аяқпен тез қозғалады, осылайша ағзадағы қалыпты қан ағымы орын алады. Сондай-ақ, ғалымдар мұндай адамдар көп калория жұмсағандықтан артық салмақболмайтынын атап өтті. 2.Компьютерлік ойындар ауырсынуды жеңілдетеді  width= Бейне ойын – барынша зейінді қажет етеді. Демек мұқияттылық пен шапшаңдыққа баулиды. Ғалымдар тіпті кейбір терапияларда науқасқа бейне ойындар ойнатады екен. Ауырсынуды ұмытып, көңілді отыруы үшін. Тағы да бұл ойындар алаңдаушылықты төмендетіп, босаңсуға мүмкіндік береді. 3.Кофеге құмарлық Альцгеймер ауруының қаупін төмендетеді  width= Көптеген зерттеулер нәтижесінде, табиғи кофе Альцгеймер ауруының алдын алады. Бірақ күніне 5 кеседен артық ішу денсулығыңызға зиян екенін есте сақтаңыз. 4.Еріншектік стрессті азайтады және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді  width= Ғалымдардың айтуынша, жалқаулық – ағзамыздың табиғи қорғаныс қасиеті, ол шамадан тыс жүктемеден құтылуға көмектеседі. Біз жалқау кезде, дене энергияны сақтайды, демалады және жұмысқа қабілеттілікті ұзақ сақтай алады. Сондай-ақ, еріншектік көбірек үлгеруге, басымдықтарды дұрыс қоюға мүмкіндік береді, ойлау процесіне ықпал етеді. Кешікпей, біз ең жақсы шешімдер қабылдауға және қажет болса, кешірім алуға қабілетті. 5.Бейәдеп сөйлеу күйзеліске көмектеседі және стрессті жояды  width= Бір топ ғалымдар көлік жүргізушілері мен жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерге тәжірибе жасаған. Олар: «агрессияны сөз жүзінде көрсеткен жүргізушілер азғана ашу-ызаға түсіп, жолда өзін дұрыс ұстай білді», - деп қорытынды жасаған. Былапыт сөйлеу арқылы олар тез ашуланып, тез тыныштанды. 6.Үрейлену стресстен құтқарып жақсы көңіл-күй сыйлайды  width= Әдетте, уайымшыл адамдар алдын ала барлық ситуацияға дайындалып үйренеді. Егер ойлағанынан нашар болса – олар аз уайымдайды (өйткені олар бұған дайын болды), ал егер бәрі дұрыс болса — көп қуанады (бәрі күткендегіден жақсы өтті). Психологтардың айтуынша, мазасыздық проблемадан құтылуға және проблемаларды шешу бойынша белсенді іс-қимылдарға мүмкіндік береді. 7.Өсек айтатындар кез-келген адаммен тіл табыса алады  width= Өсек айтту, іреуді қаралау әрине жақсы іс емес. Мамандардың айтуынша, қауесет адамдарды жақындастырады,бізге психологиялық икемді болуға, басқалардың қателіктерін үйренуге көмектеседі. 8.Қарбалас уақыт пен алаңдаушылық  width= 2012 жылы Карнеги университетінің ғалымы – Меллон, мидың шешім қабылдауға жауап беретін аймағы бірде қиындық, қарбалас уақыт болғанда белсенді жұмыс жасайтынын айтқан. Ондай уақытта сіз мүлде ойламаған дүниелер жасауыңыз мүмкін. Мысалы: Пенициллин, инсулин, кардиостимулятор, микротолқынды пеш осындай жағдайда пайда болған. Ал, сіздің бойыңызда қандай жаман қасиет бар? Оның сізге пайдасы бар ма?