Басты жаңалықтар

Қызықты заңдар: Өзге ғаламшарлықтарға штраф төлететін қай ел?

Қазақта "әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген сөз бар. Шынын да әлем елдері өздерінің мәдениетіне қарай тосқауылдар да қоя алады.

Сингапурда

көшеде, көпшілік орында сағыз шайнауға болмайды. Бұл заң 1992 жылы өз күшіне енген. Заңды бұзған адамға 400 доллар көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Малайзия мен Индонезия тұрғындары Дуриян жемісін көп жейді. Алайда оны көпшілік орындарда жеуге тиым салған. Мысалы: аэропорт, вокзал, қонақ үй тіпті автокөліктерде. Өйткені, ол қаншалықты тәтті болса иісі соншалықты жағымсыз. Жапондықтар әлемдегі сымбатты халық болып саналады.  2009 жылдан бастап бұл елдің тұрғындары артық салмақ қоса алмайды. 40-тан асқан ер адамның мықыны 80 см болса, әйел адамның 90 см -ден аспауы керек. Тайландта үйден іш киімсіз шығуға тиым салынған. Жейдесіз көлік айдауға болмайды. Ең қатал жаза түрі патшаны қорлаған адамға  қолданылады. Сақ болмаса бір ауыз сөз үшін 15 жыл өмірін абақтыда өткізуі мүмкін. 1986 жылдан бастап Британдық Сыртқы Істер  Министрі басқа қаламшардан келген қонақтарға қарсы күш қолдана алады. Әрине олардың лицензиясы болмаса. Данияға саяхаттап баратын болсаңыз міндетті түрде сол жерден дәм татасыз. Егер сол мейрамхана тағамына қарныңыз тоймаса ақшасын төлемеуге құқыңыз бар. Ирландияда ХІ ғасырдан бастап 29 ақпан күні  әйел адам ер адамға үйлену жайында ұсыныс білдіруге рұқсат бар. Егер ер адам оның ұсынысынан бас тартқан жағдайда оған айыппұл төлеуге тура келеді. Дания елінің жүргізушілері көліктеріне отырмастан бұрын  көліктерінің астын міндетті түрде қарауға тиіс. Себебі олардың көліктерінің астында балалар ұйықтап жатуы мүмкін.