Көптеген ғасырлар бойы әйелдердің негізгі жетістіктері жақсы неке құрып, бала туу деп саналып келді.
Қоғам әйелдердің таланттары мен мүмкіндіктерін көргісі де, мойындағысы да келмеді. Бұл мақала нақ осындай әйелдерге арналған: Моцарттың қарындасы, Пикассоның сүйіктісі, Хичкоктың әйелі және тағы басқалары. Талантары бүгінгі күні назар аудартарлық xанымдар. ЖАКЛИН ПАСКАЛЬ Француз әдебиетінің классигі және зерттеушісі Блэс Паскаль дарынды жас қарындасы Жаклинді өз қарамағына алды . 6 жасынан бастап поэзияға қызығушылығы арта түсті. 8 жасында өзінің алғашқы туындыларын жазды. 11 жасында 5 акттан тұратын комедия, ал 13 жасында ұлы ханшайымның құрметіне арнап қойылым жазды. Осыдан кейін Жаклин сарайға шықырылатын мәртебелі қонақтардың бірі болды. Сол жылы ол ең алғашқы және жалғыз өлеңдер жинағын жариялады.
Жаклин 14 жасында отбасымен Парижден Руанға көшті, жас ақынның атағы ел арасында кеңінен таралды. Бірақ 7 жылдан кейін оның ағасы Блейз аяғына ем қабылдап жүріп, жаңа діни трендке айналған Янсенизммен танысады. Блэс янсенизмді алғашқылардың бірі болып қабылдап, кейін Жаклинді де осы іске тартады.
Кеше ғана өзіне жанкүйерлер жинаған ақын қыз, рухани уағыздарға баратын ағасының медбикесі болып шыға келеді.
Осылайша Жаклин поэзиямен қошатып кете барады. Оның өмірі не бәрі 36 жасында аяқталды. МАРИЯ АННА МОЦАРТ Мария Анна Моцарт - танымал композитор Моцарттың әпкесі. Халық Марияны "басқа Моцарт" деп атап кеткен екен. Наннерль ( Мария Аннаның лақап аты) 7 жасында классикалық музыкаларды ойнады. Ол кішкентай кезінен бастап әртүрлі еуропалық қалалардағы концерттерде өнер көрсетті, оны барлығы әйгілі ұрпақтың үздік пианисттерінің бірі деп таныды.
Бірақ неке жасына жеткенде Наннерльге әкесінің өтініші бойынша өз мансабын аяқтауға мәжбүр болды. 18 жасында Мария Анна Зальцбургке анасымен бірге көшіп келді. Сахнада өнер көрсетуді тоқтатты, бірақ фортепианодан сабақ бере бастады. Вольфгангеркін өмір сүргенімен, Наннерльді әкесі басқарып отыратын, оған өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шығуына да рұқсат бермеді. Кейін Наннерльді әкесі екі рет ажырасқан, 15 жас үлкен магистрант Иоганн Баптиста фон Зонненбургқа тұрмысқа берді.
Мария күйеуі қайтыс болғаннан кейін Зальцбургке оралды, 2 баласы мен 4 өгей балаларын асырау үшін фортепианодан сабақ беруді жалғастырды. Бірақ бірте-бірте оның денсаулығы нашарлап, ал 74 жасында Наннерль соқыр болып, 4 жылдан кейін қайтыс болды. ФАННИ МЕНДЕЛЬСОН Мендельсонның отбасы бай болағандықтан олар ең үздік мұғалімдерден музыкалық білім алалатын дәрежеде еді. Сондықтан ағасы мен қарындасы әйгілі мұғалім Целтерден білім алып бастады. Гёте Өзінің талантты шәкірті жайлы былай деп жазды: «Ол еркек сияқты ойнайдытын». Бұл ең жоғарғы мақтау еді. Бірақ Фэннидің әкесі композитордың өнерін қызға лайық емес деп және оған хат жазды: «Менің ұлым (Феликс) үшін, музыка мамандық болуы мүмкін. Сіздер үшін бұл жай ғана әшекей болып қалады.
Бірақ Фэнни музыка жазуды тоқтатпады, ал Феликс қарындасының жазуға деген ынтасын көріп, оның кейбір туындыларының өзінің атынан жариялануына келісімін береді. Дегенмен, Букингем сарайындағы қабылдауда ыңғайсыз оқиға орын алды: Королева Виктория Феликстің талантын жоғары бағалап, сүйікті әуенін шырқады, сол кезде композитор автордың қарындасы екендігін ұялып мойындады. КАМИЛЛА КЛОДЕЛЬ Камилла Клодель тасты жандандыратын керемет мүмкіндікке ие болды. ХХ ғасырдың басында әйелдің осындай талантты мүсінші болуы мүмкін деп есептелді.
Камилланың қайғылы оқиғасы Киролосский академиясында оқыған кезде басталды, онда қыз өзінің өмірлік сүйіктісі - мүсінші Огне Роденмен кездесті. Олар кездескенге дейін көпшілігі екеуінің жұмыстарының ұқсастығын айтып кететін, кейінірек Роденнің өзі де мұны байқады. Камилла оның шеберханасында жұмыс істей бастады. Оның көмекшісі, моделі мен шабыт берушісі болғанымен, бірақ ол ешқашан әйелі бола алмады, себебі Роден 20 жастағы Роза Беренмен қарым-қатынасын тоқтатқысы келмеді. Роза Камилла сияқты талантты және мінезі де керемет емес еді, бірақ ол өзінің сүйікті хоббилері арқылы, дау-дамайлар жасамай-ақ, өмірінің соңына дейін жанында ұстап қалды. ФРАНСУАЗА ЖИЛО Әрбір тәжірбиелі жүрек жаулағыш еркетердің өмірінде тым қатыгез әйелдер де болады. Сондықтан Пикассо қасқыр Франсуаза Жилотты бағындыра алмады. Олар 1943 жылы алғаш рет танысқан болатын : Франсуаза кескіндемемен айналысып жүрген, суретшіге модель болып, одан сабақ алатын. Олар кездескеннен кейін жарты жыл өткен соң, олар 10 жылға созылған романтиканы бастап кетті. Көптеген басқа ғашықтар сияқты айырылысқанда Пикассо еш қиналмады, өзін-өзі өлтіругеде тырыспады, бірақ маxабатттарының аяқталғанын сезіп,суретті тастап кетті.
Француз суретшісі әлі тірі. Қазірге дейін өнермен айналысып келеді.
Көптеген жылдар бойы xалық оны Пикассоның сүйіктісі деп танып келсе, бертін келе суретшінің барлық туындылары осы әйелдің арқасында дүниеге келгендігін мойындады.
Келесі мақала