Шашқа жабысып қалған сағыздан үй жағдайында құтыламыз.
Ең ыңғайсыз жағдай шашыңызға сағыз жабысып қалса. Одан құтылу үшін сізге оны қайшымен қырқудан басқа амал жоқ сияқты көрінеді. Асықпаңыз! Біз сізге шашыңыздағы сағыздан қалай құтылуға болатындығы жайлы әдістермен бөлісеміз.
1. Ең алдымен сағызды мұзбен ысқылап мұздатып алыңыз алыңыз. Содан кейін қатты xалге келген сағызды қолмен сындырып алып тастайсыз. Мұз жоқ болса өте суық суға шашыңызды салып қойыңыз.
2. Мусстың көмегімен құтылу. Сағыз жабысқан бөлігіне мусс жағып үш минутқа қалдырып қойыңыз. Содан кейін тарақпен немесе қатты щёткамен алып тастаңыз.
3. Бір қасық ас содасына дәл сондай көлемде су қосып, зақымданған шаш бөлігіне жағып 15-20 минутқа қалдырыңыз. Сағыз еріген соң тарақпен алып тастаңыз.
4. Ас үйдегі сұйық майдың көмегімен немесе вазилинмен шаштағысағыздан арылуға болады. Шашқа жағып қойып бірнеше минуттан кейін тарақ немесе тіс щёткасымен алып тастауға болады.
5. Лимон қышқылы да сағыздан арылуға жақсы көмектеседі. Жарты стақан суға лимон шырынын қосып,шашыңызды салып қойыңыз. Бес минут өткен соң тарақпен алып тастаңыз.
Келесі мақала