"Үйде ысқырма жаман болады": Не болады?
Балалық шағымызда жиі ересектерден «табалдырыққа тұрма», «үйдің ішінде ысқырма» деген сияқты тыйымдарды еститінбіз. Өсе келе ол әдетке айналып кетті, ал негізінде бұл наным-сенімдердің қалай пайда болғандығын өздері де білмейді.
1. Үйде ысқырма - ақша болмайды
Көптеген адамдар «үйде ысқырма- ақша болмайды» деген сөздерді жиі еститін. Ежелде адамдар кішкентай элементтердің өзіне үлкен мән беретін. Біздің ата-бабаларымыз ысқыруды желмен байланыстырды. Олар дауылдан қатты қорқатын, өйткені ол шатырлар мен төбелерді ұшырып, егінді кептіріп тастайтын. Бұл уөптеген шығындар мен қажеттіліктерге алып келді. Сол уақыттан бері үйде отырып желді шақыру жаман ырым деп есептелді. Кейде ысқыру бұл - жалқаулықтың белгісі.
2. Киімді теріс қаратып киме
Адамға сәтсіздік алып келетін тағы бір наным-сенім: «киімді теріс қаратып кимеу». Ресейде адамдар киімдерін киерде өте мұқият болды екен, өйткені бір жағынан олар өте қымбат және өзіндік қорғау функциясын орындайды деп сенетін. Кейде киімдерге ою-өренек салу үшін теріс қаратып тіккен болса,оны "жарамсыз" деп тастай салады екен.
3. Айдың 13-ші күні жұмаға сәйкес келсе, бақытсыздық күні деп санаған
Әр айдың 13-ші күні жұмаға сәйкес келетін болса, xалық осы күнді бір қиындық болады деп әдетке айналдырып алған. Олардың айтуынша, ештеңе істмеген адам ешқашан қателеспейді. Сондықтан, 13-ші жұма күні, кез-келген жұмыстан құтылуға тиіссіз, жағымсыз жағдайға тап болмау үшін қандай жұмыс немесе үй шаруасы болсада. «Бақытсыздық күніне» қатысты ең танымал оқиға орден тамплиерлерінің тарихымен байланысты. 1307 жылдың 13 қазан, жұма күні Францияның патшасы Филип IV орден мүшелерін тұтқындауға бұйырды. Медицинада, 13-ші жұма күнінен қорқа тын аурудың атауы - параскаведекатриафобия.
4. Саусақтарыңызды айқастырсаңыз сәттілік әкеледі
Саусақтарды айқастыру - барлық адамдарға таныс қимыл. Дәстүр бойынша, адамдар оны сәттілік үшін қолданады, ал кейде уәделерін орындамаудан қашқан уақытта осылай жасайды екен. Егер сіз саусақтарыңыздыайқастырып, әдейі өтірік айтсаңыз, сіз өзіңізді тозаққа түсуден құтқарасыз деп сенеді. Сәттілікке жету немесе өтірік айтып өзін ақтап алу үшін қимылдың сиқыры христиан крестінің күшіне байланысты. Тарихи тұрғыда бұл белгі дінге сенім білдіргендерді қудалау кезінде бір-бірін тану үшін қолданылған. Әлбетте, сол уақыттан бері бұл әдет басқалай мағыналарға ауысты.
5. Сәттілік үшін қоянның аяғын мойынға тағу
Әрине, бүгінде қоянның аяқтарын мойнына таққан адамды кездестірмейміз. Егер амулеттің күшіне сенетіндер бар болса, онда олар оны үйде сақтайды. Бойтұмарды сәттілік әкеледі деп есептейді, өйткені ол өмірдің көзі - жермен тығыз байланысты. Осы талисманның ғажайып қасиеттеріне сену әлемдегі көптеген жерлерде кең таралған. Бұл дәстүр Еуропада б.з.д. 600 жылдары пайда болған деп есептейді екен.
6. Қыздарға үстелдің бұрышына отыруға болмайды
«Үстелдің бұрышында отырып тамақ ішпе, тұрмысқа шықпай қаласың» - бұл отбасылық ас кезінде қартайған туыстардан еститін бір фраза. Бұрынғы кезде көп балалы отбасында барлық балалары үстелдің шетіне отырып, ал бұрышындағы ыңғайсыз орынға асырап алған бала отырып қалады, содан кейін осы ырым пайда болған екен.
7. Біреудің ізімен жүрсеңіз - соның тағдырын аласыз
Орыстардың ырым-тыйымдарында бұл сенім бойынша бәрі қарапайым ғана. Егер сіз басқа біреудің ізін бассаңыз, сіз басқа біреудің ауруын және одан да жаманы оның тағдырын алып аласыз. Ежелгі уақытта адамдар жердегі басқа адамдардың іздерін басып кетуден қорқатын, өйткені ежелгі уақытта олар сиқыршыларға Көптеп сенетін. Бүгінде көптеген белгілер біз үшін қарапайым, әрі күлкілі көрінеді, соған қарамастан әдет болып қалған нәрсеге әлі де сенуді тоқтатпаймыз.