Одри Хепберн сән әлемін мойындатқан танымал модель болды және солай болып қалады да.
Кино өнерінің аңыз адамы өз стилін қалыптастырып, бүкіл әлем әйелдері үшін талғампаздық пен сәнгерліктің бір белгісі ретінде есте қалды . Кез-келген заманауи модель актрисаның әрдайым таңқаларлықтай көрінуіне мүмкіндік беретін әдістерді пайдалана алады, тіпті оның образдары жарты ғасыр бұрын жасалсада.
1. Жолақты киім
Голливудтық жұлдыз өзінің жолақты киімдерге деген маxаббаты арқылы танымал болды. Киімнің үстіңгі жағына Одри иығын, мойнын және бетін ерекше етіп көрсетіп тқратын жұқа көлденең жолақты мата таңдайтын. Шалбарларға актриса арнайы тік сызықты қоладанатын, аяқтарын тік, әрі тартымды көрсету үшін. Ал қысқа шорттарға үлкен жолақты мата таңдайтын. Осы образы үшін жалпақ табанды аяқкиімдерді киген дұрыс деп шешті.2. Безендірілген шалбарлар түзу аяқтарды тартымды көрсетеді
Одри өз денесінің ерекшеліктерін өте жақсы білетінін. Міне, сондықтан, аяғының ұзындығы мен жіңішке болғандығы үшін, капри шалбарлар күнделікті жұлдыз шкафының негізгі элементтерінің бірі болды. Тіпті ең «қауіпті» модельдердің өзі оның нәзік дене сымбатына қызығатын. Осындай шалбарларды балеткамен киген актрисаның нәзік аяқтарын ерекше етіп көрсететін.3. Қарапайым кескіндегі көйлектер
Мисс Хепберн көйлектерді түрлі аксессуарлармен үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар аксессуарларсызда көйлектерді сәнді ете білді. Нәзіктік, талғампаздық және стильдік туа бітті сезім- бұл актрисаның карточкасы еді. Оның мысалдары арқылы көбісі кескіндерді, әшекейлерді, түстерді үйлестіре білуді үйренді.4. "Ерлер киімінде" нәзік көріну
Одри Хепберн «ерлер» костюмін стильдерінің арасына қосып қойды. Осылайша тор, жолақты, жарқын түстердегі нетривиальды бейнелер пайда болды. Актриса ерлерге арналған заттарды киіп, оларды қолданудан қорықпады, өйткені олар өзін тартымды әрі нәзік көрсетеді деп есептеді. Бұл киімдегі арнайы образы үшін: көбелек пішінді галстук, жарқын ерін далабы, әдейі шатасқан шаштармен жүретін.5. Ақ көйлек көптеген стильді образдарды жасауға көмектеседі
"Римские каникулы" (1953) фильмінде кейіпкер Одри Хепберн жалпақ белдіктер мен қарапайым ақ түсті көйлек және кең етекті белдемше киіп түскен болатын. Егер түсірілім барысында аңызға айналдырарлықтай образ жасамаса Одри болар ма: жеңді көйлек және мойынға арналған жібек шарфты байлап, ол өзгермейтін ерекше стильді көрсетті.6. Ерекше назар аудартатын жібек орамалдар
Модельдің киім шкафында жібек орамалдар ерекше орын алатын. Хепберн осы стильмен және сәннен шықпайтын аксессуарлармен монохромды бейнелерді жасады. Жібек шарфты тағатынкөптеген тәсілдер бар. Актриса дәстүрлі нұсқада тағуды жөн санады: ол мойнына байлап немесе иегінің астынан байлап қоятын. Міне, ең қарапайым әдістің - сәнге айналуы. Біріншіден, шарф модельдің мойнына сән беріп ерекшелеп тұрды, екінші жағынан, ешқандай зат жұлдызға шарф таққан кезіндегідей назар аудартқыза алмады. Келесі мақала