Басты жаңалықтар

Фильмдердегі біз байқамаған қателіктер мен қызықтар

Сіз қаншалықты киномансыз, қазір өз деңгейіңізді анықтап көріңіз.

Кинорежиссерлер өз туындыларына қызықты мәліметтер мен детальдар қосуды ұнатады. Олар мұны белгілі бір себеппен жасайды: мұндай ұсақ-түйектер оқиғаны әсерлі және бір жылу сйылайтындай етіп көрсетеді, өйткені олар мұның бәрін өз жұмыстарына деген сүйіспеншілікпен жасайды.

  • Pixar студиясы әрдайым өзінің әрбір ұсақ-түйекке мән беретіндігінің арқасында әйгілі болды, бірақ бұл жолы олар өздерін жақсы жағынан көрсете алмады: «История игрушек- 4» мультфильміндегі барлық кейіпкерлердің киіміндерінен кемшіліктерді көруге болады.
 width= width=
  • «Одиннадцать друзей Оушена» трилогиясында Кейси Аффлектің мұртының қалай өсіп, қалыңдап жатқандығын көруге болады.
 width=
  • Кейіпкер Челентано тростың көмегімен кейіпкер Орнелла Мутти жатқан кереуетті тартып шығарып алатын, «Укрощение строптивого» фильміндегі осы керемет көрініс есіңізде ме? Сюжет жасаушылар түсірілімге кедергі болмас үшін еденге жай ғана кілемнің суретін салуды жөн көрді.
 width=
  • "Ұйқыдағы ару" мультфильмінде ханзада Филип пен Аврора ханшайымның билейтін сахнасы бар, ал сол жерде перілер ханшайымның көйлегі  қандай болатындығына шешім қабылдай алмай, оны үнемі қызғылттан көкке ауыстырып тұрады. Аниматорларда көйлектің қандай түс болуы керек екендігіне пікір таластырып, мультфильмге олар осы оқиғаны қосуды ұйғарды.
 width=
  • «Болашаққа оралу» фильмінің соңғы көрінісі мен «Болашаққа оралу - 2» фильмінің алғашқы көрінісі бірдей, бірақ картина жасаушылар оны қайта түсіруге мәжбүр болды, өйткені Дженнифер рөлін орындаушы басқа актрисамен ауыстырылды. Режиссерлер мұны мүмкіндігінше дәл орындап шығуға тырысты, бірақ бұл көріністерде зер салып қарасаңыз көптеген айырмашылықтарды таба аласыз.
 width=
  • «Жұлдызды соғыс. Эпизод І: «Жасырын қауіп» фильміндегі Натали Портман Амидала патшайымының рөлін ойнады, ал Кира Найтли өзінің егіз-күңін ойнады. Жас кезінде қыздар бір-біріне өте ұқсас болған (әсіресе оларды әрлеген кезде), тіпті Кираның анасы да өз қызын тани алмады. Бұл рөл Кейра Найтли үшін кинодағы алғашқы үлкен жұмыс болатын, сондықтан Натали Портман оның кинодағы жетістіктеріне жанама болса да әсер етті деп айта аламыз.
 width=
  • «Лило мен Стич» мультфильмінде Лилоның үлкен әпкесі Нани бар: ол нағыз серфинг жұлдызы және оның бөлмесі медальдарға толы. Бірақ көп ұзамай біз серфингтің екінші планға ауысқандығын байқаймыз, өйткені ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Нани сіңілісіне қарап қалады. Айтпақшы, Нанидің бөлмесіндегі қабырғада Муланның суреті бар плакатты көре аласыз - бұл басқа мультфильм студиясына деген шағын сілтеме.
 width=
  • "Терминатордағы" Арнольд Шварценеггердің басқы сөзі алғашында «Мен қайтып келемін(I’ll come back)» дегеннің орнына «Мен ораламын(I’ll be back)» сияқты естілді. Рас, бірақ мұның мәні өзгермейді.
 width=
  • "Өрмекші адам" фильміндегі саxналардың бірінде Тоби Магуайрге Питер Паркер оған кішкене күштірек фокус жасау керек дейді - ағылшын тілінде бұл «strong focus» болып естіледі. Осыдан кейін бірнеше секунт өткен соң ол Ford Focus-қа барып соғылады.
 width=
  • Бұл фильмде тағы бір қызықты мәліметтер жасырылған: көріністердің бірінде Гарри Мэри Джейннен әкесімен кездесуге қара көйлек киіп баруын сұрайды. Көп ұзамай Мэри Джейн Ризашылық күнінде, Гарридің әкесімен кездескенде, ол шынымен қара көйлек киіп барады.
 width=
  • "Лего.Фильм" мультфильмде бас кейіпкердің костюмінде саусақ іздерін көруге болады. Детальдарға дейін жақсы көру деген осы болар!
 width=
  • "Сұлу қыз бен құбыжық" фильміндегі мына бір саxнада Когсвортқа назар аударыңызшы, ол адамға айналғаннан кейін: оның мұрты сағат тіліннің кескінін еске түсіреді.
 width=
  • «Мстители: Эра Альтрона» фильмінде Нью-Йорктегі Орталық станцияның үстіндегі мүсін құтқарушыларға арналған ескерткішпен алмастырылды: алғашқы мүсін алғашқы "Мстителдердің" шайқасы кезінде жойылған болатын.
 width=
  • «Бесподобный мистер Фокс» мультфильмінде түлкі Эш әрдайым басқалардан ерекшеленуге тырысады. Мультфильмнің соңғы көрінісінде ол тағы да соны жасайды: барлық кейіпкерлер алма шырынын ішесе, ол жүзім шырынын таңдайды.
 width=
  • Джордан Белфорттың «Волк с Уолл-стрит» фильміндегі швейцариялық банкирмен болған әңгімеде әр кейіпкердің артында не тұрғанына назар аударыңыз: Женева көлі Белфорттың артында, ал банкирдің артында аквариум бар. Осылайша, фильм суреткерлері «үлкен балықтардың» «кішкентай балықтармен» жұмыс жасайтынын айтқысы келді.
 width=