Басты жаңалықтар

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек

Есте сақтау қабілетінің төмендеуі қазіргі таңда екінің бірі ұшырасатын дертке айналды. 

Есте сақтау қабілетіңіз нашарлады ма? Ертеде қартайған адамдардың ғана арасында кездесетін мұндай дерт бүгінде жастар арасында да көп ұшырасып жатады. Тарихтан белгілі, ата-бабаларымыздың өлең жырлары ауыздан-ауызға айтылып жеткен.

Жадыны қалай жақсартуға болады?

Бір күніңізге есеп беріңіз.

Күн сайын кешкілік ұйқыға жатар алдында таңертеңнен кешке дейін не істегеніңізді, нендей пайдалы шаруалар атқарғаныңызды көз алдыңызға келтіріп, есіңізге түсіріңіз. Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңізді шыңдап қана қоймай, күн сайынғы уақытыңызды пайдалы істермен айналысып, босқа өткізбеуіңізге де септігін тигізеді. Бұған сіз ары кетсе 5-10 минут уақытыңызды кетіресіз. дәруменінің көлемін тексеріңіз. Егер ағзадағы D дәрумені азайып кетсе, алдыңғы кезекте есте сақтау қабілетіне әсер етеді. Көп жағдайда D дәруменінің жетіспеушілігі климаты суық елдерге тән.  width= Оң мен солды бірдей пайдаланыңыз. Егер сіз оңақай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі. Ғашық болыңыз!  Сонда қандағы азот оксиді дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін болады Алкогольді аз тұтыныңыз.  Ғалымдар колледжде оқитын 155 бірінші курс студенттеріне экперимент жасап көрді. Алкоголь ішетін жастардың тест көрсеткіші нашар шықса, ішімдікті аузына мүлде алмаған студенттердің нәтижесі әлдеқайда жақсы екенін анықтап берген. Алкогольдің нейротоксиндік әсерінен мидағы гиппокампқа зияны тиеді. Ол бөлшектің есте сақтау қабілетіне тікелей әсері бар. Тамаша есте сақтау қабілеті болғанын қаласаңыз, онда темекіден де бас тартыңыз width= Медитацияға уақыт табыңыз. Медитация адамды тыныштандырады, ауруды басып, қан қысымын түсіреді. Ұдайы медитацияға уақыт бөле білсеңіз, жылдар жылжи келе есте сақтау қабілетіңіздің артып, кез-келгені нәрсені үйренуге деген қабілетіңіздің күшейгенін аңғарасыз. Медитация әсіресе қысқа уақытты жадыға сақтау қабілетін күшейтеді. Тайвань колледжінде зерттеу жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде медитивті практика жасаған студенттердің өзге курстастарына қарағанда сабаққа деген үлгерімі жақсарып сондай-ақ есте сақтау қабілеттері артқаны байқалған. Шокалад жеңіз. Шокаладтың құрамында флавоноид атты антиоксидант бар. Оның миға пайдасы зор. Флавоноидтар нейрондардың өсімін белсенді етіп, мидағы қан айналымды жақсартады. Шокалад тұтынғанда мүмкіндігінше құрамында 70% какао бар шокалад таңдаңыз.  width= Балықтың майы. Балықтың майы омега-3 дәруменіне бай болғандықтан жүрек қан-тамыр ауруларының қаупін сейілтсе, бір жағынан шаршау, әр нәрсеге алаңдау сынды күйден арылуға көмектеседі. Балықтың майын тұтыну есте сақтау қабілетін жақсартады. Жаңғақ. Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын, салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз Тәттіні азайтыңыз. Тәттіні шектен тыс тұтыну денсаулыққа зиян. Бұған қоса есте сақтау қабілетіне де тигізер зиянды бар екені тағы белгілі. Зерттеу көрсеткендей, жүйесіз тамақтану бірінші кезекте есте сақтау қабілетін нашарлатып, мидың жұмысына әсіресе есте сақтау бөлігінің қызметін баяулататыны анықталған.  width=