Жалпы адамның көңіл-күйі құбылмалы,үнемі бірқалыпты сақтау мүмкін емес.
Мүмкіндігінше, адам өзінің ішкі эмоциясын сыртқа шығармағаны дұрыс. Десе де, Адам өз көңіліне өзі ғана жауапты. Үнемі көңілді жүрсеңіз денсаулығыңызға да пайдалы. Көңілді жүру – алдағы сәттіліктің жаршысы бола алады.
Егер де, күйбең тіршілікке мойынсұнбай көңілді жүргіңіз келсе, осы ережелерді сақтаңыз:
Күйбең тіршілігіңізге жаңалық енгізіп отырыңыз, өзіңіз өзгеріңіз. Жаңа іспен айналысыңыз, бірнәрсе үйреніңіз немесе киім кию стиліңізді өзгертіңіз. Сізде болған өзгерістер үшін жақындарыңыз бен достарыңыз жақсы пікірлерін, комплименттерін білдірсе, сіздің қуанып қаларыңыз сөзсіз. Сіз жүрген ортаның өзіңізге ерекше назар аударуы көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды. Күнде күліп жүріңіз. Қайғыда да, қуанышта да бұлт астынан күн шығарын естен шығармаңыз. Жалғыз қалсаңыз да өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай біліңіз. Өзгелерге де күліп тіл қатыңыз. Көтеріңкі көңіл-күй сәттіліктің жаршысы бола алады
Өзіңізге үлкен сенім артыңыз. Күнде таңертең айна алдына келіп, күні бойы көңілді жүруге өзіңізді сендіріңіз. Өзгелер де көңілді жүруіне септігімді тигіземін деп ойлаңыз. «Менің қолымнан келмейді» деген ойды санаңыздан шығарып тастаңыз Үнемі қозғалыста болыңыз. Бүгін мұңайсаңыз, ертең қуанасыз. Бір күннің қайталанбауы да, қайталануы да өзіңізге байланысты. Сондықтан мұңайып, жатып алмаңыз.
Жылдам шешім қабылдап үйреніңіз. Еш қорықпастан алға қадам басыңыз. Қиын жағдайларда жылдам шешімін тауып, жоспарыңызды жүзеге асыра біліңіз. Өмір бойы армандамай, апта соңына дейін-ақ арманыңызды орындауға тырысыңыз. Өйткені, сізді екіншісі күтіп тұр.
Көңілді әуендер тыңдаңыз. Жалпы, сифония адам өміріне, көңіл-күйіне әсер етеді. Сондықтан көңіл -күйіңіз жоқ болса, көңілді әуен тыңдап көтеруге болады. Алдағы мақсатыңызды бағдарлаңыз. Бір сәтке алдағы күндеріңіздің қалай болатынын, атқарылуы тиіс жұмыстарды түгендеп, алдыңызға қойылған мақсаттарға ұмтылысыңыздың айқындығын анықтап алыңыз. Үй тазалағанда неден бастау керек екенін жақсы білетіндігіңіз сияқты, арманыңызға жақынжатар жолыңыз да сізге анық болады.
Көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмытыңыз. Көңіл-күйіңіз жоқ па, көңілді музыка тыңдаңыз, үй жинаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз не көңілді кино көріңіз. Өзгелермен жиі араласыңыз. Күніне кем дегенде 5 адамға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп тұрыңыз. Ағайын-туыс, дос-жаран, таныс адамдармен сөйлесу арқылы өзіңіздің де, өзгелердің де көңіл-күйін көтересіз.
Таза ауада көп серуендеңіз. Таза ауа мен күннің шуағы адам көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Күннен төгілген нұр адам миына пайдалы. Шуақты күнмен адам көңілі де шуақтана түседі
Үнемі жақсы нәрселерді ойлап жүріңіз. Тіпті ауыр жұмыс үстінде де сүйіктіңізбен кездесуды, достарыңызбен көңіл көтеруді ойлаңыз. Қиялға берілуге хош иісті шырақтар (аромалампа), әсіресе мандарин, апельсин, лимон, грейпфрут иістері жақсы көмектеседі.
Келесі мақала