Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көңілді жүрудің ережесі

Жалпы адамның көңіл-күйі құбылмалы,үнемі бірқалыпты сақтау мүмкін емес.

23.07.2019
0
Көңілді жүрудің ережесі

Мүмкіндігінше, адам өзінің ішкі эмоциясын сыртқа шығармағаны дұрыс.  Десе де, Адам өз көңіліне өзі ғана жауапты. Үнемі көңілді жүрсеңіз денсаулығыңызға да пайдалы. Көңілді жүру – алдағы сәттіліктің жаршысы бола алады.

Егер де, күйбең тіршілікке мойынсұнбай көңілді жүргіңіз келсе, осы ережелерді сақтаңыз:

Күйбең тіршілігіңізге жаңалық енгізіп отырыңыз, өзіңіз өзгеріңіз. Жаңа іспен айналысыңыз, бірнәрсе үйреніңіз немесе киім кию стиліңізді өзгертіңіз. Сізде болған өзгерістер үшін жақындарыңыз бен достарыңыз жақсы пікірлерін, комплименттерін білдірсе, сіздің қуанып қаларыңыз сөзсіз. Сіз жүрген ортаның өзіңізге ерекше назар аударуы көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды.

Көңілді жүрудің ережесі

Күнде күліп жүріңіз. Қайғыда да, қуанышта да бұлт астынан күн шығарын естен шығармаңыз. Жалғыз қалсаңыз да өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай біліңіз. Өзгелерге де күліп тіл қатыңыз. Көтеріңкі көңіл-күй сәттіліктің жаршысы бола алады

Өзіңізге үлкен сенім артыңыз. Күнде таңертең айна алдына келіп, күні бойы көңілді жүруге өзіңізді сендіріңіз. Өзгелер де көңілді жүруіне септігімді тигіземін деп ойлаңыз. «Менің қолымнан келмейді» деген ойды санаңыздан шығарып тастаңыз

Көңілді жүрудің ережесі

Үнемі қозғалыста болыңыз. Бүгін мұңайсаңыз, ертең қуанасыз. Бір күннің қайталанбауы да, қайталануы да өзіңізге байланысты. Сондықтан мұңайып, жатып алмаңыз.

Жылдам шешім қабылдап үйреніңіз. Еш қорықпастан алға қадам басыңыз. Қиын жағдайларда жылдам шешімін тауып, жоспарыңызды жүзеге асыра біліңіз. Өмір бойы армандамай, апта соңына дейін-ақ арманыңызды орындауға тырысыңыз. Өйткені, сізді екіншісі күтіп тұр.

Көңілді әуендер тыңдаңыз. Жалпы, сифония адам өміріне, көңіл-күйіне әсер етеді. Сондықтан көңіл -күйіңіз жоқ болса, көңілді әуен тыңдап көтеруге болады.

Көңілді жүрудің ережесі

Алдағы мақсатыңызды бағдарлаңыз. Бір сәтке алдағы күндеріңіздің қалай болатынын, атқарылуы тиіс жұмыстарды түгендеп, алдыңызға қойылған мақсаттарға ұмтылысыңыздың айқындығын анықтап алыңыз. Үй тазалағанда неден бастау керек екенін жақсы білетіндігіңіз сияқты, арманыңызға жақынжатар жолыңыз да сізге анық болады.

Көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмытыңыз. Көңіл-күйіңіз жоқ па, көңілді музыка тыңдаңыз, үй жинаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз не көңілді кино көріңіз.

Көңілді жүрудің ережесі

Өзгелермен жиі араласыңыз. Күніне кем дегенде 5 адамға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп тұрыңыз. Ағайын-туыс, дос-жаран, таныс адамдармен сөйлесу арқылы өзіңіздің де, өзгелердің де көңіл-күйін көтересіз.

Таза ауада көп серуендеңіз. Таза ауа мен күннің шуағы адам көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Күннен төгілген нұр адам миына пайдалы. Шуақты күнмен адам көңілі де шуақтана түседі
Үнемі жақсы нәрселерді ойлап жүріңіз. Тіпті ауыр жұмыс үстінде де сүйіктіңізбен кездесуды, достарыңызбен көңіл көтеруді ойлаңыз. Қиялға берілуге хош иісті шырақтар (аромалампа),  әсіресе мандарин, апельсин, лимон, грейпфрут иістері жақсы көмектеседі.

Көңілді жүрудің ережесі

Бөлісу33Твит21
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1722 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1417 бөлісу
    Бөлісу 567 Твит 354
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1103 бөлісу
    Бөлісу 441 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    984 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    932 бөлісу
    Бөлісу 373 Твит 233
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    899 бөлісу
    Бөлісу 360 Твит 225
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    713 бөлісу
    Бөлісу 285 Твит 178
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.